23.06.2020, 18:16
Оқылды: 246

Бүгін БҚО-да ҰБТ-ның екінші күні өтті

Елде орын алған ахуалға байланысты барлық санитарлық талаптар ескеріліп, оқушылардың арақашықтығы сақталды.

C0FAD657-B8CB-4B66-91BB-7CCCA0A240BB

Түлектер алдымен дезинфекциялық тоннельден өтіп, дене қызуын өлшетіп, медициналық маска және қолғаппен қамтамасыз етілді.

Бүгін облыс бойынша ҰБТ 7 тестілеу пунктінде (Жаңақала, Жәнібек, Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Казталовка және Жәңгірхан атындағы БҚАТУ) өтті.

Екінші лекке қатысуға тиіс 794 талапкердің 9-ы өз еріктерімен тест тапсыруға келмеді. Тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 6 талапкер тест тапсыруға жіберілмеді.

Тестілеу кезінде ережелерді бұзып, ұялы телефон пайдаланғаны үшін Орал қаласы, Сырым, Бөрлі, Жәнібек, Казталов аудандарынан 9 талапкер аудиториядан шығарылып, ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тәртіп бұзғандардан бөлек, 1 талапкер денсаулық жағдайына байланысты ҰБТ-ны басқа күні сауыққан соң тапсырады.

Тестілеудің екінші күні – 769 талапкер тест тапсырды.

 

 

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале