28.09.2015, 11:37
Оқылды: 58

"Dana.kaz" журналының жаңа нөмірі жарық көрді!

Dana jurnali  "Dana.kaz" журналының бұл санында да оқырманның көңілінен шығар тарихи-танымдық материалдар жетерлік. Ғалым Əбілсейіт Мұхтардың "Қазақ хандығының 18-ші ғасырдағы сыртқы саясаты" мақаласында Əбілқайыр хан мен Иран билеушісінің қарым-қатынасы туралы жақсы мағлұматтар бар. Ғалым Аққали Ахмет Кіші жүзде хандық биліктің жойылуына тоқталған. Дəуқара батырдың басына қойылған белгінің ашылуы туралы материалға қоса қазіргі ұрпақтарына қарап салынған Дəуқара батырдың суреті де алғаш осы нөмірде жарияланды.

Шетелді білім алып жатқан Болат Насырғазы мен Қазақстанның халық артисі Гүлнəр Жақыпованың сұқбаттары əсерлі. Жұмағазы хазіреттің (Дəдем ата) шежіресі мен Бөкейлік ағайындарының құлпытастары туралы тың деректерде осы нөмірде. Басқа да оқырманның көңілінен шығар қызықты дүниеге толы журналымыздың жаңа санын жіберіп алмаңыз.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале