2.12.2020, 11:43
Оқылды: 97

Данильбек Саратов, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы «Елбасының» әр сөзі дем береді»

– Елбасымен кездесудегі жылы шырайлы сәттерді тілге тиек етсеңіз?

73BE39BC-AFB7-4F28-BD23-F74448CA00A0

– 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Алматы қаласында өткен ассамблеяның алғашқы жиынында Елбасын көрдім. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласына жұмыс сапарымен бірнеше мәрте келді. Кезекті бір кездесуде Абай алаңында «Вайнах» этномәдени бірлестік мүшелерімен қарсы алдық. «Қош келдіңіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің Президент!» деп шешен тілінде сәлемдескеніміз сол, бізге жылы шырайлы жүзбен жақындап келді де, бәрімізбен қол алысып, амандасып шықты. Шешендер арасында «Біздің Президент!» деп ерекше ықылас қойып амандасу салты бар. Сол шарада әсем киінген ұл мен қыз ұлттық биіміз – лизгинканы биледі. Елбасы жымия күліп, қол соғып, өнерпаздарға ризашылығын білдірді. Оралға келгенде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ардагерлермен, ассамблея мүшелерімен, жастармен кездесулеріне қатысып жүрдім. Бетпе-бет келгенде кейде Мемлекет басшысы болып ел алдында жауапкершілігі зор қызмет атқару оңай шаруа емес екенін анық сезетінбіз. Дейтұрғанмен, Елбасы ассамблея мүшелерін көрген сәтте жанарынан от жарқ етіп, серпіліп сала беретін. Этномәдени бірлестік өкілдерінің әрқайсысын мұқият тыңдап, ойындағысын ашық айтуына рұқсат береді. Жаймашуақ жүздесуде Елбасы сөзінен ескен жарқын леп бізге толассыз дем береді. Оның да біздің ыстық пейілімізден күш-қуат алатыны аңғарылып тұрады.

– Қазіргі қоғамда ассамблеяның рөлі қандай?

– Оралдағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында Елбасымен суретке түскеніміз есімде. Ол үшін күтпеген кездесу болды. Тұңғыш Президент алаңында тігілген киіз үйден шығып, біздің күтіп тұрғанымызды көріп, жадырап сала берді. 1995 жылғы кездесуден бері Елбасы мені жақсы таниды. Жұмыс кестесі қауырт болса да, қал-жағдайымды сұрап, қолымды қысып, жылы лебіз білдірді. Елбасы мемлекетті қиын кезеңде басқарды. Ұлт көшбасшысының саяси ерік-жігері арқасында экономикамызды нығайтып, бейбітшілік салтанат құруда. Посткеңестік елдер арасында Қазақстан этникалық жанжалдардың алдын алудың сәтті жолын көрсетіп, ұлтаралық келісім мен тұрақтылық негізін мығым ұстауда. Елбасы саясатының арқасында қазақтар ұлан-байтақ жерге иелік етіп отыр. Қазақ елі – туған Отанымыз. Бәріміз – бір шаңырақ астындағы біртұтас ұлтпыз. Тұңғыш Президент Жарлығымен құрылған ассамблея татулық пен тұрақтылықты нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан іргелі институтқа айналды. Пандемия кезінде облыстық ассамблея еріктілері науқастар мен қиналған адамдарға қолұшын созып, этномәдени бірлестіктер әлеуметтік тұрғыда осал отбасыларына қайырымдылық көмегін жасады. Ассамблея ұйымы – әлемде баламасы жоқ Назарбаев моделі. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қазақ елінде осындай институт қалыптасқанына қайран қалған көптеген мемлекеттен адамдар келіп, тәжірибе бөлісуін сұрап жатады. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi. Елбасының бізбен бірге екеніне қуанамыз.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале