2.12.2020, 11:35
Оқылды: 45

Даниялға   Даниярдың  даңқын  тілейміз!

Күні кеше Шымкентте аяқталған бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында батысқазақстандық 18 жасар Даниял  Сәбит 49 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанып, айды аспанға бір шығарды!

Іріктеу кезеңінде Қызылорда, Алматы, Павлодар облыстарынан келген өзінен әлдеқайда ересек және тәжірибелі боксшыларды қапы қалдырған Даниял финалда бес дүркін Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, әскерилер арасында әлем чемпионы, атағынан ат үркетін 31 жасар ақмолалық Теміртас  Жүсіповты айқын басымдықпен ұтты. Чемпионат қорытындысында алтын медальға қоса «Ең жас боксшы» аталымын да қанжығаға байлады. Сөйтіп, Даниял бауырымыз ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионаттарында ең жас чемпион атанған екі жігіттің бірі атанып отыр. Бір ғажабы – алғашқы жас жеңімпаз да жерлесіміз. Ол – әйгілі Данияр Елеусіновтің туған ағасы Дәурен Елеусінов. Сонау 2005 жылы Атырауда алтын алған дейді спорттық статистика.

Даниялға Даниярдың даңқын тілейміз!

Бұл туралы журналист Тоқтар Ғабдірешұлының «Даниялға Даниярдың даңқын  тілейміз!» атты мақаласын «Орал өңірі» газетінің №95 санынан толық оқи аласыздар!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале