16.08.2016, 19:57
Оқылды: 50

DEM ауыз суы – Қаратөбе бренді

 Karatobe brifing  Соңғы жылдары Қаратөбе ауданында ауыз су мәселесін шешу біртіндеп жолға қойылып келеді. Бүгінгі таңда ауданның 78 пайызы ғана таза сумен қамтылса, Үшана және Үшағаш ауылдарында ауыз су тасымалдану арқылы жеткізілуде. Биыл күрмеуі қиын мәселені шешу үшін бюджеттен бөлінген 936 млн.теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, алдағы үш жылда 4 мың халқы бар бес ауылдық елді-мекен «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтылмақ.


   Одан бөлек, мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысын дөңгелеткен ауданындағы ауыз су өндіру цехында «Дем» деп аталатын табиғи ауыз суы өндірілуде. Оған өзге облыстан да сұраныс күн санап артып келеді. Тышқантай бұлағынан алынатын  бұл су  аз уақыттың ішінде ауданның брендіне айналып үлгерді.

  Сондай-ақ, кәсіпкерлікке бет бұрғандардың саны да күн санап артып келеді. Бүгінгі таңда 210 шаруа қожалығы, 310 жеке кәсіпкер, 40 заңды тұлға тұрақты жұмыс істеп,  мыңнан астам адам жұмысқа тартылған. Одан өзге жыл басынан бері жаңадан 46 жұмыс орны ашылған.

Бұл туралы Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз брифингінде Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді. Сондай-ақ  ол бірінші жартыжылдық бойынша атқарылған жұмыстар мен  ауданның 2020 жылға дейінгі даму жоспары туралы баяндады.

- Аудан экономикасының негізі мал шаруашылығы болғандықтан, бұл салаға үлкен көңіл бөлініп келеді. Аталған салада едуәуір өсу динамикасы байқалады. Ағымдағы жылдың жеті айында мүйізді ірі қара 33168 басты құраса, өткен жылдың осы мерзіміндегі мал басымен салыстырғанда  - 100   пайызға орындалып отыр,  88609  бас қой мен ешкі,  5727 бас жылқы, 23 бас түйе, 14406 бас құс бар.   Аудан бойынша жыл басында 215 шаруа қожалығы болса, бүгінгі күнге дейін тағы да 15  шаруа қожалығы қосылды.

 Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасының орындалуы 87,5 пайызды құрап отыр.  «Сыбаға» бағдарламасы бойынша  ауданға 340  бас мал алыну қажет болса, бүгінгі таңда 54 бас (2 аталық мал) мал алынып, жоспар 15 пайызға, «Құлан» бағдарламасы бойынша 115 жылқының 49-ы алынып, 47 пайызға орындалып,  «Алтын-Асық» бағдарламасы бойынша 854 қой малын алу бағытында шаруашылықтармен ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар аудандағы мал шаруашылығына кезекті ветеринарлық-профилактикалық тексерістер де уақытылы жүргізілуде, қазіргі таңда өзекті болып отырған бруцеллез ауруына қарсы сәйкес шаралар қабылданды.

Өсімдік шаруашылығы бойынша 30 га картоп, 60 га көкөніс және 50 га бақша егілді. Аудан бойынша 731 ауыл шаруашылығы техникасы есепке алынған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизинг әдісімен «Таужан»  және  «Әділ» шаруа қожалықтары    жаңадан екі Беларус маркалы трактор алынды.

Ауданымыздағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында аудан аумағында 41 шақырым облыстық маңызы бар, 215,2 шақырым  аудандық маңызы жолдар бар. Ауданда 22 елді мекеннің  10 елді мекенінің халқы  оқшауланған су құбырлары арқылы таза ауыз сумен қамтылған, бұл аудан халқының 78% ( немесе 12767 адам), 7-су құбырлар  жүйесіне мемлекет тарапынан  2015 жылға 32 672 131  теңге субсидия төленіп, 10 елді мекеннің халқы жер асты суларын пайдалануда, бұл 14,1 % (немесе 2302 адам) . Ал қалған 2 елді мекенге (Үшағаш, Үшана ауылдары) ауыз су тасымалдану арқылы  жеткізілуде,  бұл аудан халқының 7,4 % (немесе 1208 адам).  Дегенмен ауылдардың көгілдір отынмен қамтылуы 100 пайызды құрап отыр.

Енді аудан бойынша кәсіпкерлік саласында 560 шағын субьекті жұмыс  жасайды десек, ол жерде мыңнан астам адам қызмет етуде. Ағымдағы жылдың шілде айына дейін өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемі  1082,4  млн теңгені құраса, оның  14,8 млн теңгесі бюджетке тиесілі. Одан бөлек 46 шағын кәсіпкерлік субъектісі жаңадан ашылып, 46 адам жұмысқа орналасты. Ауданда өнім өңдеу саласы кулинария,  наубайхана, ауыз су өндіру цехы, тігін цехы, пластик терезе жасау секілді 7 цех  жұмыс жасап, 20 адам қызмет етеді.

Ал «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша екі жеке кәсіпкердің біреуі аудан ортылығынан жанар-жағар май бекетін ашуды жоспарлап,  бірі Орал-Ақтөбе жол бойына автокемпинг салу жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде тоғыз жеке кәсіпкердің жобасы «Аймақтық үлестіру кеңесінде» қаралып, Қаратөбе ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Р.Бедагарин темір есік жасау жобасымен 837 мың теңге көлемінде грантқа ие болды.

Ауданда жылбасынан бері 46 жаңа жұмыс орны құрылып, 81 адам тұрақты, маусымдық және уақытша жұмысқа орналасты.  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 21 адам әлеуметтік жұмысқа орналастырылды. Аз қамтылған отбасылар есебінен аудан бойынша қоғамдық жұмысқа 2016 жылдың 6 айына 205 адам тартылып, жергілікті бюджеттен оларға 12534,5 мың теңге төленді. 2016 жылы жәрдемақы төлеуге бөлінген қаражаттың көлемі 25100,0 мың. теңгені құраса, 2016 жылдың 1 шілдесіне 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларының 431 отбасына, оның ішінде 1089 балаға 12429,0 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді. Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге  29 адамға  коммуналдық шығындарын өтеу үшін 792,3 мың.теңге әлеуметтік көмек төленді. 2016 жылдың 1 шілдесіне жалпы мүгедек саны - 550 адам, соның ішінде І-ІІ топ мүгедектері -271, ІІІ топ мүгедектері – 207, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 72 Мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасынан есепті мерзімде қоғамдық жұмысқа – 12, әлеуметтік жұмыс орнына -1, жастар тәжірибесіне -1, барлығы 14 адам жұмысқа тартылды.

2016 жылға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға»  ауданға 60,0 млн теңге қаражат бөлініп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 7 адам мал шаруашылығын дамыту бағытында 18400,0 мың теңге несилерін алды.

Бағдарламаның 3-ші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша биылғы жылға жоспар бойынша республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адамға 3081,0 мың теңге, жастар практикасына 30 адамға, 6872,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Ауданымыздың әлеуметтік экономикалық даму барысында түрлі сала мамандарына сұраныс артып келеді. Сол себепті Елбасының қолдауымен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген әртүрлі сала мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары жыл сайын ауданымызда жалғасын табуда. 2016 жылы 54 маманға 8 млн 017,4 мың теңге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін 16 маманға 50 млн 903,5 мың теңге бюджеттік несие берілді.

Ауыл халқының бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін және халыққа мәдени, спорттық, рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында   22  кітапхана, оның ішінде 2 модельді кітапхана,  19 мемлекеттік мәдениет үйі мекемелері, 1 аудандық тарихи – өлкетану музейі жұмыс жасайды.

Қоғам болған соң, қоғамда тәртіпті сақтау да маңызды мәселелердің бірі болмақ. Осы бағытта да ауданымызда жұмыс жоспарларына сай тиісті қызмет атқарылып, жұмыстар орындалуда. 2016 жылы 6  айында барлығы 80 қылмыс тіркеліп, оның 55 фактісі қылмыс, 25 фактісі қылмыстық теріс қылық. Соның ішінде 81–і аяқталған болса, оның 11 қылмыстық ісі сотқа жолданды. Бұдан басқа аудан бойынша  төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Биылғы көктемгі су тасқынына байланысты тиісті шаралар қабылданып, толық дайындық жүргізілді, осының нәтижесінде төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Ауданның қауіпсіздік каталогі және қауіпсіздік паспорты жаңартылып, бекітілді. Қаратөбе ауданы бойынша «Қыс – 2016» және «Көктем – 2016»  Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысу ұйымдастырылды.

Ләззат ШАҒАТАЙ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале