18.09.2020, 11:33
Оқылды: 102

Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды. Бұл туралы «Atamnyn amanaty» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев айтты.

Jauynger
«Қазақстан жерінен соғысқа 1,5 миллионнан астам жауынгер мен офицер майданға аттанса, соның 271 мыңы із-түзсіз жоғалғандар санатына жатады. Кез келген жауынгер үшін көмусіз қалу және із-түзсіз жоғалғандар тізіміне ену үлкен қасірет. Сондықтан да біздің бірлестік осы есімдерді ұрпақтарының жадына оралту мақсатында құрылған еді», – деді ол онлайн баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, ол үшін арнаулы сайт құрылған және оған соғысқа аттанып, із-түзсіз жоғалған жақындарын іздеген кез келген адам жүгіне алады.

«Биыл 3 мыңнан астам өтінім түскен еді. Оның ішінде 600 өтінімді орындап, ұрпақтарына 600 жауынгердің есімін қайтара алдық», – деді Мұрат Молдағалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале