5.10.2018, 22:39
Оқылды: 30

Экономикалық көрсеткіштер - халықтың тұрмыс сапасы

Елбасымыз бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында  жалақының ең төменгі мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі айлық жалақы 42 мың теңгеге жетуі тиіс. “Мемлекеттік табысты болуының кепілі – ең басты байлығының дамуы болып табылады. Ол – адам. Әр мемлекеттік орган, компания басшылығы жұмысқа деген қарым-қатынасты өзгертуі керек. Қазақстандықтардың әл-ауқатына басымдылық беру қажет. Жалпы ішкі өнім, инфляция, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер, бұл жай ғана сандар емес, бұл сандарды қазақстандықтарды өмірін жақсарту үшін біз оны жақсартуға ұмтыламыз. Барлық әкімдер мен министрлерді осыны есте сақтауға шақырамын”, – деді Елбасы. Міне, Президентіміз Жолдауда халықтың тұрмыс жақсартуды басты мақсат етіп отыр.

Мирлан Құсайынов,

Қазталов аудандық халықты жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале