8.07.2020, 10:37
Оқылды: 53

Елімізде компьютерлік томография аппараттары жетіспейді

«ҚазАқпарат» атап көрсеткендей, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ өкпеге компьютерлік томографияны (КТ) тегін жасатудың қиын екендігін түсіндіріп берді.

C769BDDD-7F1F-45BE-8B75-273CA0E60E41

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) елімізде бекітілген тарифтер негізінде консультациялық-диагностикалық қызметтерді қаржыландыра алады. Оған КТ және МРТ кіреді.

Бүгінгі күні ӘМСҚ-да КТ бойынша - 140-қа жуық, МРТ қызметі бойынша 100-ге жуық жеткізуші тіркеліп үлгерген. Бұл ретте, КТ қызметін көрсетушілердің дені - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, МРТ бойынша - Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды.

Қазіргі таңда Қазақстанда сырқаттанудың өршуіне байланысты КТ аппараттарының жетіспеушілігі байқалып отыр. Сол себепті жеке емханалар өкпенің компьютерлік томографиясына бағаны айтарлықтай, негізсіз көтерген. «Тиісінше, осы қызметті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсету көлемі төмендеді, себебі өнім берушілер оларды ақылы негізде ұсынуға мүдделі», - деді қордан.

Жабдықтардың қымбат болуына орай компьютерлік томография аппараттары көбінесе орталық қалаларда орналасқан.

Еліміздегі дәрігерлер диагностиканың балама түрі - рентген-зерттеуді ұсынады. Ол еліміздің көптеген өңірлерінде қолқолжетімді.

ӘМСҚ компьютерлік томография қызметтері сақтандырылған пациенттерге МӘМС жүйесі аясында амбулаториялық деңгейде тегін көрсетілетінін атап өтті. «Ол үшін тиісті симптомдар болған жағдайда тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну керек. Учаскелік дәрігер белгілерді анықтаған кезде, КТ-ның тегін қызметіне жолдама береді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале