8.07.2020, 17:48
Оқылды: 78

Еліміздегі кәсіпкерлердің несиелерін төлеу 3 айға кейінге шегерілді

Отандық кәсіпкерлер несиелерін төлеу мерзімін 3 айға дейін кейінге шегеруге мүмкіндіктері бар. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.

FE92EAC7-653F-4DAE-8639-ADEB3159E88E

«Мемлекеттік комиссия маусым айында бизнесті қолдау жоспарын қабылдады. Оның ішінде бизнес несиелер бойынша бір шара болды. Яғни, несиені төлеу мерзімін кейінге қалдыру тәртібін қабылдау қарастырылды. Арнайы тәртіп Қаржы нарығын реттеу агенттігімен 15 маусымда қабылданды. Заемдарды 90 күннен кем емес кезеңге қайта құрылымдау және кейінге қалдыру үшін банктер мен шағын несие ұйымдарына жеке тәртіппен жүгінуге болады», - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале