17.10.2019, 15:19
Оқылды: 139

Ертең БҚО-да волонтерлық қызметке қатысты семинар өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда өткен жастар форумы барысында «2020 жыл - Волонтер жылы» деп жариялаған болатын.

volonter

«Батыс Қазақстан облысында волонтерлық қызметін ұйымдастыру негіздері» атты семинар волонтерлық топ жетекшілеріне Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қоры «Батыс Қазақстан облысында азаматтық сектор әлеуетін арттыру және қоғамдық сананы жаңғырту бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы шеңберінде өткізілмек.

Бұл семинар жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарға баулу, қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыруды мақсат еткен.

 «Жайық Пресс» медиахолдингі ғимаратында 18 қазан күні сағат 10.00-18.00 аралығында өтетін семинар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Семинар алғашқы күні жетекшілерге өткізіліп, ертеңіне волонтерларға ұйымдастырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале