16.11.2017, 15:46
Оқылды: 32

Ертең Оралда көшелер уақытша жабылады

Фото: Экспедиция +362

2017 жылғы 17 қараша күні сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін  Орал қаласы және Зашаған кентінің аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығуы өтеді. Шараны облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі штабы ұйымдастырады.

Оқу-жаттығу шарасын өткізу кезінде Орал қалалық теміржол вокзалының аумағы, сондай-ақ, Зашаған кентіндегі Әзербайжан және Пятимар көшелері уақытша жабылып, бұл аудандарда автокөліктер мен тұрғындардың жүруіне уақытша шектеу қойылады.

           

БҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі штабының

БАҚ-пен байланыс тобы

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале