3.05.2018, 16:25
Оқылды: 53

«Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» ғылыми экспедициясына арналған брифинг өтті

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» атты халықаралық ғылыми экспедициясының қорытындысына арналған брифинг өтті.

Экспедиция 23-30 сәуір күндері БҚО-ның Қаратөбе, Жаңақала, Қазталов аудандары, РФ Астрахань облысы Володар ауданы Алтынжар ауылында өтті.

Экспедицияның мақсаты - «Күй атасы» атанған, ұлы қүйші - композитор, дәулескер домбырашы, өнерінен өнеге дарыған Құрманғазы баба Сағырбайұлының ғұмырнамасының ақиқатын, күйлерінің шығу тарихын, шығаршашылық-қайраткерлік болмысын сипаттау бағытында зерттеп- зерделеу, қазақ музыка мәдениетінде өшпес із қалдырған Ақ Жайық өңірінің айтулы, атақты күйшілерінің өмір деректері, олардың күйлерін зерттеу және құнды мұраларды қасиеттеп қастерлеу.

Қатысушылар алдымен Қаратөбе ауданында Құрманғазының ұстазы – Ұзақ күйші кесенесіне барып тағзым етті. Онда өткен «Құрманғазы күйлерінің шығу тарихы» атты дөңгелек үстелде Құрманғазы атындағы ұлттық оркестірдің құрылуы тарихы, Ақ Жайық өңірінен оркестр құрамында алғашқылардың бірі болғандардың өмір деректері, Құрманғазының ұстазы – Ұзақ күйші туралы, Құрманғазы домбырасының көшірмесін жасаған танымал күйші, республикалық «Үкілі домбыра» байқауының екі мәрте жүлдегері Едіге Нәбиев осы жұмысы туралы әңгімелеп, домбыраның (жәдігер) жасалуы, бұл жәдігердің құндылығы жөнінде ой-пікірлері ортаға салынды.

Ал 24 сәуір Жаңақала ауданындағы Мәмен, Тұяқберді кесенелерінің басына барып, тағзым етілді (Еділ мен Жайықтың бойын жағалай қоныстанған халықтың мұңы мен зарының үні бар, қойнауы тарихқа толы, не бір қилы замандарды басынан кешкен Жаңақала жері күйші–қомпозиторларды дүниеге әкелген киелі мекен. Осы топырақта дүниеге келген күйшілер Мәмен, Тұяқберді кесенелері). Ал Дина Нұрпейісова атындағы өнер музейінде «Күмбір күйдің кемеңгерлері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. (Күйшілер мекені Жаңақала жерінде дүниеге келген күйшілер Құрманғазының шәкірті Мәмен күйшінің ғұмыр дерегі, оның шығарған күйлері Құрманғазының (күйлерін, күйдің атауларын айта отырып) ел арасына таратқан күйлері және ол күйлердің тарихы турасында әңгімелер айтылды).

25 сәуір Казталов ауданы Көктерек тарихи өлкетану музейінде «Күй атасы - Құрманғазы» тақырыбында дөңгелек үстел өтnі (Күйші Құрманғазы Сағырбайұлының осы жерде болғандығы туралы, Көктерек атауы туралы айтылып, ой пікірлер ортаға салынды).

-Көктеректің Нарсойған сайында Құрманғазы болған жерге экспедиция мүшелері көшет отырғызды (Болашақта Құрманғазы тоғайы аталып, ну орманға айналса деген мақсатпен.)

26 сәуірде Құрманғазы бабамыздың туған жері жиделі құмына барып, (Туған жерінен топырақ алынып, Алтынжарға апарылып салтанатпен Құрманғазы музейіне тапсырылды.

27 сәуір-30 сәуір аралығында Астрахан облысы Володар ауданы Алтынжар ауылында

  • Экспедиция мүшелері Күйші-композитор, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы бабамыздың басына тағзым етті.
  • Құрманғазы музейінде болып музей экспозициясымен танысып .
  • Диановка, Мақаш әкім, Сейтек Оразәліұлы, Сарай Бату, Ерғали Есжан, Сахма жерлерінде болып бабалар басына тағзым етті.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале