22.10.2020, 20:35
Оқылды: 163

Инвестициялық жобалар пулы құрылды

Облыста 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға гранттық қаржы беру конкурсы басталады.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялыұ даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаев айтты. Спикер өңірдегі жас кәсіпкерлерді осы конкурсқа қатысуға шақырды.

 касипкерлик

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің 42 760 бірлігі тіркелген, бұл өткен  жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (42 536 бірлік) 0,5%-ға өскен. Биылғы жылғы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты жыл соңына дейін жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 43 100 бірлік деңгейінде сақталады деген болжам жасалуда. Биылғы қаңтар-маусым айлары ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі  551,2 млрд теңгені  (30,1% -ға төмендеген) құрады. Осы мерзім ішінде шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 106,7 мың адам болды (8%-ға азайды).

Кәсіпкерлерді қолдау тетіктері

Өңірдегі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы құрылымдар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы», екінші деңгейлі банктер және кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері енді. «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында  өткен жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 16,5 млрд теңгеге 215 жоба мақұлданды. Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қалалық жерлерді несиелеу үшін республикалық бюджеттен шағын несие беруге 500 млн теңге, кепілдеме беруге 36 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жалпы шамасы105,5 млн теңгеге 15 шағын несие берілді. Кәсіпкерлерге кепілдеме беру бойынша 10,8 млн теңгеге 8 келісімшартқа қол қойылды. Несиелер екінші деңгейдегі банктер арқылы кәсіпкерлерге өз ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге жылдық 6%-бен беріледі. Несиенің ең жоғары шамасы 6500 АЕК шамасын (18,1 млн.теңге) құрайды. Несиелер бойынша кепілдіктер «Даму» КДҚ» АҚ арқылы 85%-ға дейін бастапқы бизнес үшін және 50% - ға дейін қолданыстағы бизнес үшін беріледі.

Биыл «Бизнестің жол картасы -2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жалпы сипаттағы тарнсферттерден 1,7 млрд теңге бөлінген, соның ішінде 1,5 млрд теңге несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға, 146,9 млн теңге несиелерге кепілдеме беруге, 86 млн теңге гранттық қаржыландаруға бағытталды.

-Кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына қатысуға құлшыныстары күшті. Инновациялық жобаларға гранттық қаржы беру конкурсы күні кеше аяқталды. Оған қатысуға 233 адам қатысуға өтініш берді. Бүгіннен бастап 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға гранттық қаржы беру конкурсы басталады. Жас кәсіпкерлерді осы конкурсқа қатысуға шақырамыз, - деді Мақсат Құланбаев. Спикердің сөзіне сүйенсек, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін қосымша  1,8 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 1,5 млрд теңге несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға, 329 млн теңге несиелерге кепілдеме беруге бағытталған. Күні бүгінге бөлінген барлық қаржының 2,4 млрд теңгесі, яғни 64%-ы игерілген.

 

Инвестициялық порталға үңіліңіз

 

Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 327,5 млрд теңгені құрап, былтырғы жылғы сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 17,4%-ға төмендеді. Әсіресе, тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсіптері, құрылыс, сауда, көлік және қойма салаларында инвестиция тарту төмендеген. Инвестиция тарту көрсеткіші ауыл шаруашылығы саласында екі ірі жылыжай («ВорлдГринКомпани», «УТК» ЖШС-лары)  және сүт-тауарлы фермасы («Ринго-Милк»ЖШС). Жобаларының  жүзеге асырылуы есебінен өскені байқалады.

Инвестиция тарту жобаларды іске асыру шеңберінде газды өндіруге арналған шектеулерді алып тастау, 4-ші газ айдау компрессорын орнату, Қарашығанақ кен орнын кеңейту (1-кезең), сонымен қатар 2019 жылы «Жайықмұнай» ЖШС интеграцияланған газ тазарту қондырғысының ірі жобасын пайдалануға беру, кабельдік өнімдер («Орал Кабель» ЖШС) және шар клапандары өндірісі («ПетроВалвз КИОС» ЖШС) жобаларының іске қосылуына байланысты «КПО б.в.» компаниясының шығындарының төмендеуіне байланысты орын алды. Сондықтан инвестиция тарту мақсатында  бірқатар шаралар қолға алынған. Биылдың өзінде инвесторлар кеңесінде 5 отырыс өткізіліп, онда 920-дан астам тұрақты жұмыс орнын құратын жалпы құны 45,6 млрд теңге болатын  18 жоба мақұлданды. Маусым айында «Кәсіпкерлікке арналған Үкімет» жобасы іске қосылды. Жоба аясында келушілерге кәсіпкерлік ашуға және қолдауға қатысты мемлекетті кқызметтің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Бүгінде 50-дің үстінде кеңестік қызмет көрсетілген.

Өңірге инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында инвестициялық  портал іске қосылған. Инвестициялық портал үш тілді онлайн-платформа ретінде invest07.gov.kz базасында жұмыс істейді. Порталда облыстағы маңызды ақпараттар, жүзеге асырылып жатқан  инвестжобалар, отандық тауарөндірушілер, инвесторға арналған  ұтымды жобалар, инвесторларға берілетін жеңілдіктер, шағын және орта кәсіпкерлікке арналған 100 жоба, инвесторды мемлекеттік қолдау шаралары,  кәсіпкерлікті жүргізу, инвестициялық салымдарды күтетін жобалар, бос жер телімдері, бос ғимараттар көрсетілген және олар облыстың, аудандардың, Орал қаласының шегі бойынша инвестициялық интерактивті картасында  дәлірек көрсетіліп, көрініс тапқан.

70 инвестициялық жоба пулы

 Бүгінде 6000 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы құны 2,5 трлн теңге болатын 70 инвестициялық жоба пулы құрылды. Соның ішінде биыл 308 млрд теңге, 2021 жылы  508 млрд теңге, 2022 жылы 390 млрд теңге, 2023 жылы 237 млрд теңге, 2024 жылы 152 млрд теңге игерілмек. 2020 жылы 435 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 25,5 млрд теңгенің 9 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Инвестицияларды тартудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы меморандум аясында биылғы жылға жоспарланған инвестициялар көлемі қайта есептеліп, оның көлемі 587 млрд теңгені құрады. Меморандум аясында 10 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жаңартылды, олар:

1) Сұйық метанол өндірісі зауыты («Жайық Петролеум» ЖШС);

2) Виртуалды деректерді сақтау және орналастыру орталығы, интернет-платформаларды орналастыру және техникалық қызмет көрсету орталығы, «Дата центр» Орал технологиялық паркінің есептеу орталығы (LLYAgroEnergy ЖШС);

3) Қуаттылығы жылына 4400 тонна қияр және 3500 тонна қызанақ өндіретін жылыжай салу («World Green Company» ЖШС);

4) жартылай тіркемелер шығаратын зауыттың құрылысы («BATYSTRAILER» ЖШС);

5) Сүт кешенін салу (««Ringo-Milk» ЖШС);

6) Жиһаз фабрикасының құрылысы («Квант» ЖШС);

7) Орал қаласы, Зашаған кентіндегі No52 мектептің құрылысы («Нұрқапстройгаз» ЖШС);

8) 500 орындық жеке мектептің құрылысы («Казхол» ЖШС);

9) «BASK» көлік-логистикалық орталығы («EurasianLogistics» ЖШС);

10) Мұнайды терең өңдеу зауытының құрылысы («АБС-Мұнай» ЖШС).

10 жоба «жанданады»

 Биыл жобалар пулын іске асыру шеңберінде 480 жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 26,8 млрд теңгені құрайтын 10 жобаны іске қосу жоспарланған. Осы жылдың қыркүйек айында жалпы құны 7,4 млрд теңгеге 90 тұрақты жұмыс орнын құрумен 2 жоба («Орал жылыжай зауыты» ЖШС, «Орал құс фабрикасы» ЖШС) іске қосылды.

Биылғы жылдың соңына дейін 390-тан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны шамамен 19,4 млрд теңгені құрайтын 8 ірі жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде:

  • қуаттылығы жылына 3 мың тонна трансформаторларға арналған панельдік радиаторлар өндірісі (35-500 кВ) «Орал трансформатор зауыты» ЖШС Орал қ.);

- жылына 22,0 мың дана жиһаз шығаратын фабриканың құрылысы («Квант» ЖШС, Орал қ.);

- ауысымы 600 дана ірі қара терісін алғашқы өңдейтін зауыт салу («Кублей» ЖШС, Орал);

-виртуалды деректерді сақтау және орналастыру орталығы, интернет-платформаларды орналастыру және қызмет көрсету орталығы, Орал технологиялық паркінің есептеу орталығы (LLYAgroEnergy ЖШС);

- жеміс-көкөніс сақтау қоймасының құрылысы («Байстон» ЖШС), Жеке газ анализаторларын шығару («IntelligentProtectiveSystem» ЖШС);

- жұмыртқаға арналған науалар өндірісі (ЖШС «EnvironmentSolution Ltd»);

- күн батареяларын өндіру («Green Spark Limited» ЖШС) жобалары бар.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале