15.02.2019, 10:01
Оқылды: 61

Қаладан 579 мың текше метр қар шығарылды

Облыс әкімі Алтай Көлгінов П.Атоян атындағы стадион маңында сап түзеген жеке құрылыс компанияларының қар тазалайтын техникаларымен танысты.

tehnika (4)

         «Альтаир», «Стройинвест», «Отдел-строй» ЖШС-лары мен «Домо стройтель» ӨК сынды құрылыс компаниялары 30 қар тиегіш трактор және 30 «КамАЗ» көлігімен қаладағы қарды тазалау жұмыстарына атсалыспақшы. Алтай Сейдірұлы бұл техникалар шаһардың әр аумағындағы қарды аршуға айтарлықтай көмек болатынын айтып, құзырлы құрылым басшыларына оларды тиімді пайдалануды тапсырды. Әсіресе, қаланың шеткері аумақтарын қардан тазалауға баса мән беру қажет.

         – Бүгінде қала бойынша 579 мың текше метр қар шығарылды. Қар тазалау жұмыстарына тәулік бойы 300 адам мен екі жүзден астам техника жұмылдырылуда. Жеке компаниялардың қар тазалауға қосымша алпыс техника шығарып, қолұшын созғандарына қуаныштымыз. Облыс әкімі қар тазалау жұмыстарына байланысты нақты тапсырма берді. Осы бағытта жұмыстанатын боламыз, – дейді «Жайық таза қала» ЖШС-ның директоры Қуат Ерсайынов.

tehnika (2)

Ясипа Рабаева,

 

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале