16.12.2017, 18:38
Оқылды: 93

Қасиетті мекенде Желтоқсан құрбандары рухына арнап ас берілді

20171216_182620Сырым ауданы, Тоғанас ауылдық округіне қарасты «Жұмағазы хазірет – Дәдем ата» мекенінде Желтоқсан құрбандарына құран бағышталды. Тағылымды шара əулиенің тікелей ұрпағы Ғарифолла Жанбозовтың бастауымен ұйымдастырылды.

Ас барысында өткен әруақтарға құран бағышталып, жиналғандар баба кесенесіне зиярат етті.

20171216_182647Жиналған қауымның алдында сөз алған тарихшы Сайлау Сүлейменов, ақын, ардагер-ұстаз Дариға Мұштанова, ғалым Мұрат Сабыр, "Аспандау" қоғамдық қорының төрағасы Еркін Иргалиев, "Телегей" қоғамдық қорының жетекшісі Нұрлан Сəдір, журналист Нұртас Сафуллин ұлтымыздың қайсар ұл-қыздарын еске алу, олардың тұлғасын жастарға үлгі ету ұрпақ парызы екенін атап өтті.

Сонымен қатар шарада тарихқа қатысты сұрақтар қойылып, жауабын тапқан қатысушыларға кітап сыйға тартылды. Терме айтылып, өлең оқылды.

- Дəдем ата мекені Қазақстанның сакральды географиясына енгенін білесіздер. Бұл ас - мекен қасиетті орын қатарына кіргелі бірінші өткізіп отырған шарамыз. Жалпы бұл жерде дəстүрлі түрде 5-6 шара ұйымдастырылады. Олардың қатарында баба рухына арнап ас беру, көрісу мейрамы, Ораза, Құрбан айт жоралғысы, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, сенбіліктер мен ағаш отырғызу шаралары бар. Бұл көптің қатысымен ғана жасалады, - деді модератор Н.Сəдір.

20171216_182718- Жұмағазы хазірет мекенінің жалпыұлттық киелі орындар қатарына енуі - біздің рухани жаңғыруымыз, кешегіні түгендеп, бүгінгіні бүтіндеп, болашаққа жақсы жол салу үшін жасалып жатқан ізгі ниет. Менің ендігі арманым- кесененің жанынан бабамыздың атындағы медресе ашылса деймін. Осы тұстан 18 шақырым жерде Ақмешіт деген киелі жер бар. Сол мешіттің жанында медресе болған. Онда Жұмағазы хазірет бабамыз жұма намазға жаяу барса, Жаһанша атамыз бір кезде дəріс оқыған екен. Сүйінші сұрар күн туар деп үміттенемін, - деді тарихшы С.Сүлейменов.

- Желтоқсан - мәңгілік жара дер едім. Алаңға шыққандар жаным құрбан болды десе, қатыса алмағандар арым құрбан болды, алаңға шықпадым, жастармен бірге бола алмадым деп налиды. Дерек бойынша оқиға кезінде 174 жас қырылған екен. Одан кейін де қаншасы ауырды, аруларымыз бала сүйе алмай қалды. Құдай ондайды көрсетпесін дейміз, - деді арнау өлеңін оқыған ақын Д.Мұштанова.

20171216_130130Сонымен қатар ас барысында «Жұмағазы хазірет – Дәдем ата» қоғамдық қорының жетекшісі Ғарифолла Жанбозовқа
БҚО-ның "Құрмет" грамотасы табыс етілді.

Асқа қатысушы жамағат киелі мекенге барар үш шақырым жерге жол төселсе екен деп тілек білдірді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале