5.04.2017, 14:19
Оқылды: 28

"Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі"


Altai 2  Өңір кәсіпкерлерін қабылдаған БҚО әкімі Алтай Көлгінов осылай деді.


  «KREISS ASIA» ЖШС-ның директоры Нұрболат Жұмағалиев көлік-логистикалық кәсіпорындардың еліміздің батыс өңіріндегі мұнай-газ саласындағы өндірісшілермен бірге тығыз жұмыстану бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті. Аталмыш компания үш жылдан бері Еуропадағы жүк тасымалдаушылармен қосалқы мердігер ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар еліміздегі «Қазавто» қоғамдық бірлестігінің өңіріміздегі өкілі ретінде жүк тасымалдаушылардың түйінді мәселелерін шешуге үлес қосуға дайын.

  Өңір басшысының қабылдауында болған «Оралмедрегион» ЖШС басшысы Андрей Павлов денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мазмұнды ұлғайту, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханалар желісінің директоры Ерлан Сүлейменов денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке қолжетімділік мәселеріне қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

  Ал «Жайық парағы» ЖШС директоры Асланбек Сүндетов Оралда А-4 қағазы өндірісімен айналыспақ. Оның жобасын іске асыруға 40 млн. теңге қаражат керек. Сондықтан оған мемлекет тарапынан несиелік қаражаттан, несиелік пайызды субсидиялаудан, кепілдік жағынан қолдау-көмек қажет.

  Облыс басшысы қабылдауда болған кәсіпкерлерді мұқият тыңдап, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале