9.07.2020, 10:58
Оқылды: 65

Қазақстанда борышкерлер шетелге шыға алмайды

ҚР Әділет министрлігінің өкілдері еліміз бойынша борышкерлер шетелге шығуға тыйым салынатындығы туралы ескеру жасады.

95E7E0BF-57D6-414E-94AB-8B1F6F8B25A0

Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұрын борышкерлер қойылған тыйымдар туралы тек ұшу кезінде ғана біліп, оларды рейстерден түсіріп алатын болса, енді оларды 5 жұмыс күні ішінде алдын ала хабардар етіледі.

Министрлік таратқан хабарламада: "Ағымдағы жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Аталған заңмен Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның нормасына елден шығуға тыйым салу бойынша жаңа жеңілдетілген шектеу шаралары енгізілді.

Заң нормасымен берешек шегі ұлғайтылды, одан асып кеткен кезде елден шығуға уақытша шектеу қолданылады. Бүгінгі күні шығуға тыйым салу 20 айлық есептік көрсеткіштен артық қарыз болған жағдайда қолданылса,енді бұл шек 40 АЕК-ке дейін көтерілді", - деп көрсетілген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале