7.07.2020, 17:04
Оқылды: 165

Қазақстанда көлік пен жиһаз сатып алуға мораторий енгізілді

Қазақстан Републикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылға дейінгі бюджетті оңтайландыру мақсатында барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға автомобиль, арнайы көліктер мен қызметтік көліктер, сондай-ақ кеңсе жиһаздарын сатып алуға 3 жылға мораторий енгізілді.

97D7373C-FDF4-49EB-B592-16997C204527

Министрлік өкілдерінің айтуынша, оңтайландырудан үнемделген 532,8 млрд. теңге пандемия салдарын болдырмауға, азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталмақ.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің қайта қаралуына орай бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын анықтау кезінде 2021-2023 жылдарға арналған бастамалардың лимиттері бекітіліп, 6,4 трлн. теңге оңтайландырылды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале