14.02.2018, 10:29
Оқылды: 20

Қоғамдық кеңестер отырыстарына 700-ден аса адам қатысты

Salykov2018 жылдың 13 ақпаны күні БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің 2017 жылғы жұмыс қорытындысына арналды. Баспасөз мәслихатына БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Ғ.Салықов қатысты.

Спикердің айтуынша, соңғы екі жылдан бері Батыс Қазақстан облысында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы аясында құрылған, құрамында 372 мүшесі (10-ы әйел адамдар) бар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдерінен тұратын 14 Қоғамдық кеңестер жұмыс жасауда. 2017 жылы Қоғамдық кеңестерге берілген өкілеттілік шеңберінде бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, облыстық Қоғамдық кеңестің 5 отырысы өтті. Аталған қоғамдық кеңес отырыстарында облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық қоғамдық кеңестің есептері, облыстың даму жоспарларына өзгерістер енгізу, облыстық бюджетті бекіту, оған өзгерістер енгізу мәселелері, облысымызда «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы, азық-түлікке баға белгілеу секілді мәселелер қаралды.

Отырыстар арасылығында Қоғамдық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу төралқаға жүктелген. Өткен жылы 23 төралқа отырысы оздырылды. Онда жергілікті атқарушы органдардың 125 құқықтық нормативтік актілерінің жобалары қаралып, біреуі кері қайтарылып, қалған жобаларға Қоғамдық кеңес тарапынан оң баға берілді.

2017 жылғы Қоғамдық кеңестердің басты оқиғасы ретінде республикалық Қоғамдық кеңестердің І мәжілісін атап өткен жөн. Аталған жиынға өңіріміздегі Қоғамдық кеңес өкілдері қатысып, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін жеткізуге мүмкіндік алды.

Күні бүгін облысымыздағы қоғамдық кеңес мүшелерін құрал-жабдықпен, техникамен қамту, қаржыландыру мәселелері толғандырып отыр. Ол жағы Заңға енбей қалған. Осыған орай, қазіргі таңда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық кеңестер туралы заңға өзгерістер енгізумен айналысатын жұмысшы тобын құрды. Бұл топқа біздің өңірден екі адам, Қоғамдық кеңес мүшелері Ә.Сәлиева  мен С.Сұлтанғалиев енді.

- Биылғы жылдың қаңтар айында облыстық Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері жергілікті жерлердегі атқарылған жұмыстармен танысу, жұмысты жетілдіру мақсатында, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарынан басқа, қалған аудандардағы Қоғамдық кеңестердің жиындарына қатысты. Бұл жиындарға  барлығы 700-ден астам адам қатысып,  43 адам есеп берсе, 18 адам қоғамдық кеңестер жұмысын күшейту туралы ұсыныстарын жеткізді. Сан алуан сұрақтар түсті. Қазіргі таңда Қоғамдық кеңес мүшелері аталған отырыстарда көтерілген сұрақтарды талдап, екшеуде. Оң ұсыныс-пікірлерді жұмысымызда пайдаланамыз. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 30 қаңтары күні облыстық Қоғамдық кеңестің мәжілісі өтіп, онда облыс әкімі А.С.Көлгінов, облыстық мәслихат хатшысы М.И.Құлшар және кеңес төрағасы ретінде өзім есеп бердім, -деді Е.Салықов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале