4.04.2017, 12:28
Оқылды: 71

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отыны бөлінді

SCK Dizel otini     Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың қатысуымен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.


   -2017 жылдың егіс жұмыстары үшін дизель отынын жеткізу туралы бекітілген кестенің аясында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 375 мың тонна бөлінген, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты 79,0 мың тонна, Павлодар мұнай-химия зауыты 233 мың тонна,  «ПетроҚазақстанОйл Продактс» 63,0 мың тонна дизель отынын жеткізеді, – деді Әсет Мағауов.

     Оның мәліметінше, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдеріне мұқтаждығының көлемін анықтап, егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу көлемі туралы ұсыныс жолдайды.

  Сондай-ақ Әсет Мағауов қазіргі таңда ҚР Энергетика министрлігі  мен Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі бірлескен Егіс жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды бекіту кестесі бекітілгенін жеткізді.

         zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале