31.05.2019, 15:03
Оқылды: 518

Коммуналдық қызмет апат орнында дамылсыз жұмыс жасады (ВИДЕО)

29 мамыр күні кеште Орал қаласы маңында кәріз құбыры тесіліп, ірі апат болған еді. «БатысСуАрнасы» ЖШС жұмысшылары тәулік бойы құбырды жөндеумен айналысуда. Бүгін таңмен жөндеу жұмыстарын көруге облыс әкімі Алтай Көлгінов барды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Суды бүгін беру үшін барлық күш жұмылдырылды" деп жазды.

 3f4b4439-e798-4802-b6b3-5c1c6990e625

-Бүгін жұмыстарды аяқтап, кәріз жүйесі іске қосылады. Алты метр құбыр ауыстырылды. Қазір «БатысСуАрнасы» ЖШС-ның 30 жұмысшысы мен 12 техникасы жұмыс жасауда. Мұндай үлкен жұмыс әдетте бес-алты күнде жасалады. Біз күні-түні демалмастан 2 тәулікте бітіруге тырысып жатырмыз,-дейді «БатысСуАрнасы» ЖШС-ның кәріз желілері мен құрылғылары қызметінің бастығы Талғат Мүслімов.

Оның айтуынша, Орал қаласының кәріз суларының жартысы осы жүйемен өтеді. Құбыр жарылған кезде кәріз суларын басқа бағытқа бұруға мүмкіндік болмаған.

Айта кетейік, қазіргі кезде су құбырындағы ақау түзеліп, кәріз жүйесі қайта іске қосылды. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде су қайта қосылды.

Қысым кешке дейін көтеріліп,  су барлық үйге барады.

Нұрлыбек Рахманов,

сурет пен видео: Динара Киндербаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале