12.06.2020, 12:58
Оқылды: 577

Мамандық  таңдау – маңызды  іс

Еліміздің кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі өзінің өмір сүру уақытының барлық кезеңдерінде де заманының талабына сай маман даярлау жұмысымен шұғылданып келеді. Егеменді ел атанып, нарықтық экономика жүйесіне көшкеннен бері білім беру жүйесінің бұл саласы нарық сұранысына жауап бере алатын, жаңа технологияларды меңгерген, білікті маман даярлау жолында қызмет етуде.

Servis colledj (3)

60 жылдай  тарихы бар Орал «Сервис» технологиялық колледжі 1960 жылы алғаш рет №12 қолөнер училищесі ретінде ашылып, тұрмыстық қызмет көрсететін тігінші, шаштараз, фотограф мамандарын даярлауды бастаған болатын. Әр жылда оқу орнының тарихында атауы өзгергенімен,  заман талабына сай қажетті білікті маман даярлау ісіндегі алға қойған мақсаты өзгерген жоқ.

60 жылдың ішінде колледжде наубайшы, кондитер, радиомеханик, шаштараз өнері және сәндік косметика, тігін өндірісі және киімді үлгілеу, етікші, пішуші, тамақтандыру мекемесінің маманы, тігінші-моторист, фотограф, тоқымашы  және, т. б. мамандықтар бойынша 30 000-нан астам түлек білім алды. Бірнеше мыңдаған түлектеріміз еліміздің түкпір-түкпірінде ел игілігі үшін жоғары біліктілікпен, жауапкершілікпен қызмет атқарып жүргендерін атап өту қажет.

Колледждің қалыптасуы мен гүлденуіне жылдар бойы М.Бакадерова, Н.Митченко, З.Муканова, К.Кабасов, Р.Гайнуллин, С.Калтаева, Н.Галиева сынды тәжірибелі колледж басшылары өз үлестерін қосып, колледж тарихында өзіндік қолтаңбаларын қалдырған болатын.

Өз ісінің шеберлері ретінде өңірімізге танылған колледждің алғашқы педагог кадрлары  Е.Монастырская, Л.Кучкина, М.Выжкова, Е.Кунакова, В.Базаревская, Л.Мизинова, Т.Шуранскаялар да маман даярлаудың сара жолын сап кетті.

Қазіргі күні колледждің 47 түлегі өздерінің оқу ордаларында қызмет етуде. Д.Жиналеева, Г.Белова, И.Лукашева, Д.Қуатова, Т. Кужакова, Г.Брашева, О.Егорова, И.Пудовкина, А.Гумирова, Б.Серғазиева және т. б.  Көп жыл бойы колледж қабырғасында тұрақты шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің 60 пайызы – жоғары және бірінші санатты педагогикалық қызметкерлер.

Servis colledj (1)

Біздің басты мақсатымыз – еліміздің экономикасы мен өндірістік әлеуетінің деңгейін арттыра алатын, жоғары деңгейде теориялық және практикалық дағдылары бар, жеке сапаларға ие, бәсекеге қабілетті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау. Колледжіміздің материалдық-техникалық жағдайы толығымен сай келеді. АКТ жабдықталған 25 оқу кабинеттері, 5 оқу-өндірістік шеберхана, 8 тігін шеберханасы, оқу ательесі, оқу кафесі, шаштараздардың оқу зертханалары, аспаздар зертханасы, медициналық кешен, 300 орындық жатақхана, акт және спортзалы, кітапхана және электрондық оқу залы студенттерге сапалы білім алуға жұмыс жасайды. Білім шаңырағында өзіміздің өңіріміздің студенттерімен қатар Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан студенттер білім алады. Олар колледж жанындағы заманауи тұрғыдағы жатақханада орналасқан. Жастар жылы аясында қолға алынған «Жас маман» бағдарламасы аясында 2021 жылы аспаз және тігінші біліктіліктері бойынша  колледжіміздің материалдық-техникалық базасын жаңарту жоспарланып отыр.

1993 жылдан бастау алған колледждің «Сән театрының» экспериментальды зертханасы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында өз жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінгі күні өзінің қорында 380 сәндік үлгі топтама жинақтап отыр.

Болашақ мамандарымызды кәсіби шыңдау мақсатында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру  және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Атамекен» Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірлескен KorpeFEST шарасы, Орал қалалық көрме залында 60 жылдық мерейтойға арналған колледж студенттердің шығармашылық көрмесі, бұрынғы бітірген түлектеріміздің мейрамханалардың бас аспаздарының мастер-кластары, дизайнерлердің киім және шаш үлгілері шерулері ұйымдастырылды.

Колледж Ақтөбе сервис колледжімен, Шымкент жеңіл өнеркәсібі және сервис колледжімен, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің политехникалық колледжімен ынтымақтастық орнатылды. Қызмет көрсету саласы мамандарын даярлау сапасын жақсарту мақсатында бірлескен шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

????????????????????????????????????

Колледждің нәтижелі жұмысын студенттер мен инженер-педагогтары облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда иеленген жүлделі орындарымен дәлелдеп жүр. 2019 жылы «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатында «Сән технологиясы» аталымы бойынша Гүлфат Карабалина, «Шаштараз өнері» аталымы бойынша Гүлнұр Тайрова І орын, «Аспаздық ісі» аталымы бойынша А.Жұмағалиев  ІІІ орын иеленсе, «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатында «Сән технологиясы» аталымы бойынша Гүлфат Карабалина алтын медаль иеленді. Ал Ташкент қаласында өткен «Uzbekistan Skills – 2019» чемпионатында  «Сән технологиясы» аталымынан Гүлфат Карабалина қола медальдің иегері атанды.

2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы арқылы еліміздің алға қойған мақсаты – азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру. Бұл бағытта колледж оқыту-өндірістік үдерісінде әлеуметтік серіктестермен бірлесіп, мамандарды дуалды оқыту арқылы даярлап келеді. Негізінен олар – қаламыздың мейрамханалары, асханалар, тігін ательелері, шаштараз салондары. Әлеуметтік серіктестіктермен өндірістік тәжірибеден өтуге келісімшарттар жасалып, әлеуметтік серіктестіктер болашақ мамандардың кәсіптік даярлығының сапасын бағалауға, қорытынды біліктілік емтихандарына қатысып келеді. Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша он екі меморандумға қол қойылды. Бүгінде біздің әлеуметтік серіктестеріміз: «Стиль», «Модерн», «Шторы», «Золушка» ательелері, «Александр Техно-Сервис» ЖШС, «Мария» салоны, «Қымызхана» дәмханасы, «Айя-WEPPING», «Швейник», «Дева» ЖШС, «Тихонова Е.С., «Галактика» рестораны және т.б.

Біздің студенттеріміз оқу бітірген соң 80 пайыз жұмысқа орналасып келеді. Студенттер 1-курстан бастап іс-тәжірибеден өтеді, барлығына стипендия беріледі, бір мезгіл ыстық тегін тамақпен қамтылған, жылына екі рет жолдарына ақша төленеді.

Servis colledj (4)

Біздің түлектеріміз  колледж туралы өз ойларымен бөлісті.

И.Мелов: «Бұл колледж туралы оқуға түспей тұрып, жақсы білетінмін, өйткені ағам осы колледжде тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығында оқыған. Мен де осы мамандықты таңдадым және өз таңдауым үшін өкінбеймін».

В.Сломихина: «60 жылдық тарихы бар осы колледжде оқитынымды мақтан етемін. Бұл колледжде қосымша сабақтар жүреді. Мұғалімдер сабақтарын қызықты өткізеді. Мамандық бойынша өткен әр сабақ бізге қызықты әрі түсінікті. Өндіріс орындарында өтетін тәжірибе сағаттары да өз кәсібімізді меңгеруге көмектеседі».

К.Салимбаев: «Мен бұл колледжде үш жыл бойы бойыма тек жақсы қасиеттерді, құнарлы білімді сіңірдім десем де болады. Өйткені мен мектепте оқып жүргенімде мерекелік іс-шараларға қатысып, өзімді көрсеткен емеспін. Неге екенін білмеймін, алғаш колледжге түскеннен бастап түрлі мереке, байқауларға, ғылыми-жобаларға қатысып келемін. Біздің колледждің әкімшілігі әр мерекенің жоғары дәрежеде өтуін қадағалайды. Сондықтан білім алушылар мен оқытушылар жиі дайындықтар өткізіп, жастардың қызығушылықтарын арттырып, дарын-қабілеттерін ашып отырады. Бұл білім ордасы мені өмірге жаңа көзқараспен қарауды, алға мақсат қоя білуді және жауапкершілікке үйретті. Білімімді одан әрі жетілдіріп, өз мамандығымның қыр-сырын терең түсіне бастадым. Үш жыл бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындаған оқытушыларға алғысымыз шексіз».

Тұңғыш Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақстанның жас азаматтары! Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның заманы. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады» - деген. Ертеңін ойлаған жастар мамандық таңдауда қателеспеуі керек.

 Айгүл  Искалиева,

Орал «Сервис» технологиялық колледжінің директоры,

техника ғылымдарының магистрі

2020-2021  оқу  жылына  келесі  мамандықтар  бойынша  оқуға  қабылдайды:

 

Мамандық атауы

 

Біліктілік атауы

 

Оқу мерзімі

 

Оқыту тілі

 

Қажетті құжаттар:

1. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

2. 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

3. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

4. №088-У нысаны бойынша
I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сарап­тама қорытынды;

5. жеке басын куәландыратын құжат.

 

МЕМЛЕКЕТТІК  ТАПСЫРЫСПЕН

 

9-класс базасында

 

1

 

0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика

 

0506081 Шаштараз шебері

0506012 Шаштараз-модельер

0506063 Суретші-модельер

3 жыл 10 ай

 

Қазақ тілінде

 

2

 

0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру

 

0508012 Аспаз

0508022 Кондитер

0508042 Даяршы

0508063 Технолог - менеджер

3 жыл 10 ай

 

Қазақ және орыс тілдерінде

 

3

 

1211000 Тігін өндірісі және киімді үлгілеу

 

1211062 Арнайы тігінші

1211072 Модельер-пішуші

1211093 Техник -технолог

3 жыл 10 ай

 

Қазақ және орыс тілдерінде

 

11-класс базасында

 

1

 

0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика

 

0506012 Шаштараз-модельер

 

10 ай

 

Қазақ тілінде

 

Оқуға қабылдау:

20 маусымнан
25 тамызға дейін жүргізіледі.

 

Мекенжайымыз:   Орал қаласы, Циалковский көшесі 2б, тел.23-31-48;  87781633784; 87052303526

 

Электрондық пошта:

pl2zko@mail.ru,

Колледж сайты: www.utks.kz

 

u_t_k_servis

 

2

 

0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру

 

0508012 Аспаз

 

10 ай

 

Қазақ және орыс тілдерінде

 

АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ

 

1

 

0506000 Шаштараз өнері және сәндік косметика

 

0506063 Суретші-модельер

 

10 ай

 

Қазақ және орыс тілдерінде

 

2

 

1211000 Тігін өндірісі және киімді үлгілеу

 

1211072 Модельер-пішуші

 

10 ай

 

Қазақ және орыс тілдерінде

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале