25.02.2019, 15:54
Оқылды: 53

Марихуана сатып ұсталды

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен есірткі сатқан Виталий Семекин мен оның сыбайласы Валентина Логачева 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

mmm

 Тергеу ісі мәліметінше, екеуі былтырғы қыркүйектің 21-і күні 2,52 грамм «құрғақ марихуананы» 3 мың теңгеге Саша есімді азаматқан сатқан. Қыркүйектің 24-і күні сағат 17:45-те күдікке ілінген В.Семекиннің үйін тінту барысында кіреберіс бөлмеде қағазға оралған 0,23 грамм құрғақ марихуана табылды. Ас үйдегі шкафтан алты пластикалық бөтелкедегі экстрациялық апиын алынды. В.Логачеваның үйінің залында қорапқа салынған 2,88 грамм құрғақ марихуана табылған. Биылғы ақпан айының 22-сі күнгі сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-тармағының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) және 296-баптың 4-бөлігіне (аса ірі мөлшердегі есірткіні сақтау) сәйкес қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі, ал аталған кодекстің 297-бабы 3-тармағының 1-бөлігі бойынша В.Логачева қауіпсіздігі орташа дәрежедегі түрмеде жазасын өтейді.

Нұртай Текебаев

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале