28.08.2018, 18:49
Оқылды: 82

Мәжіліс депутаты трансформатор зауытында болды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Шафхат Өтемісов «Орал трансформатор зауытында» болып, жұмысымен танысты.

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ның ел экономикасы үшін маңызы зор.

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС директоры Ақжол Суранбаевтың айтуынша, зауыт Орал қаласындағы барлық техникалық білім беретін оқу орындарымен меморандумға отырған. Жыл сайын 100-ден астам студент  тәжірибеден өтуде.  250 адам үш ауысымда жұмыс жасайды. Директордың сөзінше, холдингтегі жас мамандарды ынталандыру үшін үйленген  жастарға 500 мың теңге, ал  бірінші сәбилері көрінгенде 150 мың теңге көтерме ақы беріледі. Бүгінде зауыттың  өнімдерді Ресей Федерациясына, Армения, Әзірбайжан, Грузия елдеріне экспортталуда. Зауыт басшылығы алдағы уақытта экспортқа жіберетін елдердің саны мен шығаратын өнім түрлерін арттыруды жоспарлап отыр. Ал биыл 6 млрд. теңгеге тауар өндіру көзделген.

- Кәсіпорынның жақсы дамып келе жатқаны байқалады. Алты жыл ішінде жетістіктері молайып, сұранысқа ие өнімдері экспортқа шығарылуда. Мұнда 250-дің үстінде тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Жыл сайын 1 млрд. 300 млн. теңге салық төлеп, аймақтың экономикасының дамуына үлесін қосып келеді. Ең бастысы, зауытта жас мамандар жұмыс істер жатқаны. Соңғы уақытта кәсіпорындарды дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет тарапынан жақсы көмек көрсетіліп жатыр. Бұл зауыт соның бәрін тиімді пайдаланып отыр. Мұнда көп жерде кездеспейтін кадр саясаты жақсы қолға алынған. Мәселен, зауытта тәлімгерлік жолға қойылған. Тәлімгер өзінің жалақысына қосымша үстемеақы  алады әрі  өзінің кәсіби тәжірибесімен бөліседі. Қазіргі заманда жұмыссыздықтың алдын алу үшін дуалдық  білім беру өте маңызды. Яғни нарыққа қажет мамандарды дайындау қажет. Оралдағы өндірістік, техникалық оқу орындары  студенттерінің осы жерден тәжірибеден өтулеріне мүмкіндіктері бар.  Жұмысқа да орналаса алады. Бұл жердегі жұмысшылардың орташа жасы 25 жас екен. Ал бұл өте қуанышты жағдай. Қорыта айтсақ,  зауыт өз өнімін шығарғаны өз алыдына, жас техникалық мамандарды дайындауға ерекше үлесін қосып отыр, - деді Шафхат Әнесұлы журналистерге берген сұхбатында.

Ясипа РАБАЕВА,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале