26.05.2020, 13:50
Оқылды: 206

Мектеп бітіруші түлектердің карантин кезінде ҰБТ-ны тапсыру талаптары бекітілді

Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнəр Ақмырзақызы атап өтті.

rsk_zko_20200526_1

- Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу уақыты маусым айының аяғы мен шілденің басы болғандықтан тестілеу форматы бұрынғы қалпында қалдырылды. Ағымдағы жылғы 10 мамыр күні сағат 24.00-де ҰБТ базасына тіркеу аяқталды, 20 мамырдан кейін тестілеуге қатысушылар тіркеулі жеке кабинеттерінде рұқсат қағаздарын ала алады. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында сынама тестілердің 70 нұсқасы жарияланды. Әрбір мектеп бітірушінің аталған тестілерді ақысыз тапсыру мүмкіндігі бар. ҰБТ тапсырмаларында IV тоқсан тақырыптары бойынша сұрақтар қамтылмаған. 2020 жылғы ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерге толсақ: барлық жоғары оқу орындарындағы «педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша межелі балл 60 баллдан 70 баллға дейін өсті. Білім гранты бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен білім беру салалары бойынша қосымша емтихандар енгізілді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім салалары бойынша ҰБТ-ның межелі баллын бекітеді. SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілерді баллға ауыстыру шкаласы енгізілді. SAT, ACT халықаралық стандартталған тестілердің және IB халықаралық бакалавриат бағдарламасының сертификат иелері тестілеуден босатылады. Межелі баллды ала алмаған және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы бөлімге қабылданған тұлғалар ҰБТ-ны бір жылдың ішінде қайта тапсыра алады. ҰБТ қорытындысы бойынша қатысушыларға электрондық сертификат беріледі, сертификат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

ҰБТ кезіндегі оқуға түсушілердің жауапкершілігі күшейтілді. Егерде оқуға түсушілердің арасында ғимаратқа кірер алдында ҰБТ кезінде пайлануға тыйым салынған заттар мен бітіруші орнына басқа бір адамды жіберу фактісі орын алса, ондай тұлғалар тестілеуге және осы жылғы тестілеуден өтуге жіберілмейді. ҰБТ өткізілгеннен кейін бейнебақылау камераларындағы жазбалар бақыланады. Егерде бейнежазбаларда оқуға түсушілерден ҰБТ кезінде қолдануға тыйым салынған заттардың біреуі анықталған болса, білім грантын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері ҚР БҒМ бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның қаулысымен жойылады.

Санитарлық-эпидемиялық талаптар және қорғау шаралары күшейтіледі. Арақашықтықты сақтау мақсатында тест тапсырушылырдың саны 1 аудиторияда 50% қысқарады. Ішке кіргізу келесі жолмен жүргізіледі:

- тосқауыл ленталары арқылы;

- шоғырланбау;

- металл іздегіш құралдар арқылы тексеру,

- тепловизор арқылы тексеру,

- дезинфекциялау тоннелі арқылы өткізу;

- жеке тұлғасын сәйкестендіру. Жеке тұлғаны электрондық түрде сәйкестендіру жолы қарастырылуда. Бұл жағдайда қағаз түрінде рұқсатнама қажет болмайды. ҰБТ өткізу пункттері санитайзерлермен қамтамасыз етілуі тиіс және қатысуышыларға бетперделер беріледі. Тест тапсырушылар саны азайтылғандықтан лектер саны көбейтілуде. Аппеляция тесттен кейінгі келесі күні өтетін болады - деп сөзін түйіндеді Гүлнəр Сəрсенғалиева.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале