19.02.2019, 9:59
Оқылды: 66

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалардағы өзгерістер

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  2015 жылдың 4 желтоқсанындағы №434 Қазақстан Республикасы  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен қатар мемлекетттік сатып алу саласындағы өзге заңнамалармен,  заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлеріне түзетулермен өзгерістер енгізілді.

zan

Өзгерістер әкімшілік кедергілерді төмендету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігімен тауар, жұмыс, қызметтердің мемлекеттік сатып алу арқылы  сапасын арттыруға бағытталған.

Заңмен мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты кірістерді қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы жаңа ұғымы енгізілді.

Бұрын меншікті кірістері есебінен (төлемді қызметтер)  мемлекеттік сатып алулар тапсырыс берушілердің шешімдерімен жүзеге асса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан тауар, жұмыс, қызметтерді меншікті кірістер есебінен  алу мемлекеттік сатып алу болып табылып Заңға сәйкес жүргізілуі тиесілі.

Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын артырумен, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру үшін жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында):

1).мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді (аванс) көрсетуге;

2).Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті. Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.

Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу жеңімпазы өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша, авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді, немесе  аванстан  бас тартып бұндай мөлшерде орындауын қамтамасыз етуді енгізбеуге құқылы.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды жою, сатып алу процесін жеделдетумен құқық нормаларын біртекті қолдану мақсатында Уәкілетті органмен республикалық, облыстық, аудандық деңгейде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықталды.

Тағы бір жаңашылдық  конкурс/аукцион сатып алулардың,  жобалардың және техникалық ерекшеліктерін  алдын ала талқылауға қатыспаған адамдардың берген шағымдары қаралуға жатпайды.

Сонымен қатар, Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін конкурстық құжаттамаға өз бастамасы бойынша өзгерістер енгізуге құқылы және мұндай жағдайларда конкурстық құжаттама қайталай  алдын ала талқылауға жатады.

Бұдан басқа, конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге басқа әлеуетті өнім берушілердің осы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін көруге қолжетімділік берілмейді.

Орындалатын жұмыстармен, көрсетілетін қызметтердің  сапасын көтеру мақсатында әлеуметті өнім берушілермен демпингтік баға ұсынуға тиым салынды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру туралы Ережеде бағаның төмендету шектік мәндерi:

Құрылыс монтаж жұмыстарын бойынша шектік мәні – 10 %;

Техникалық-экономикалық негiздемемен жобалау-сметалық құжаттамаға – 15%;

Техникалық қадағалау қызметіне 15% болып мөлшерінде белгіленді.

Өнім берушіні таңдауда сатып алу   нысанасына қарай нақты  әсер ететін өлшемшарт ол  жұмыс тәжірибесінің болуы, конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда алдыңғы жылдың алдындағы төрт жылда төленген салықтардың сомасы бойынша үлкен көрсеткішке ие конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығымен қоса сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында қосымшалар енгізіліп, онда  Тапсырыс беруші конкурс/аукционға бірден артық әлеуметтік өнім беруші қатысса бір көзден сатып алу тәсілін қолдануға құқығы болмайды.

Басқа сөзбен айтқанда, бұрын Тапсырыс берушілер  әлеуметті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қайтару  арқылы конкурсқа/аукционға жіберілген әлеуметті өнім берушімен шарт жасау тиімді болса, 2019 жыдың 1 қаңтарынан бұндай сатып алуларды  қайта өткізуге міндетті.

Егер қайта ұйымдастырылған сатып алуда  ұсынылған өтінімдер болмаса  немесе бір өтінім  ұсынылған жағдайда Тапсырыс беруші бір көзден сатып алуға құқылы, болмаған жағдайда сатып алу қайта  өткізіледі.

Жеткізілетін тауарлардың сапасын арттыруға бағытталған шаралардың бірі Тапсырыс берушілерге   нарықта ұсынылған және қолжетімді, құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспайтын тауарларды мемлекеттік сатып алуда  тауар белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауын көрсету құқығы берілді.

Бұл ретте, тауарлардың  құны деп біртекті тауарлардың тиісті қаржы жылында бөлінген суммасы   айлық есептік көрсеткіштің 1000  еселенген мөлшері немесе  2019 жылы  2 525 000 тенгені есепке алу қажет.

Бiртектi тауарлар – олар бiрдей болмаса да, сол бiр функцияларды орындауына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар.

Бұл түсінікті қорыта келе тауар белгілерін, марка, моделдерін көрсету  мақсатында  біртекті тауарлар  мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін қаржы жылы ішінде олардың бірінің мөлшерін  бөліктерге немесе лоттарға  бөлшектеуге жол берілмейді.

Тағы басқа, Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз ету кепілдігі үшін  баға ұсынысын сұрату тәсілімен жасақталған шарттар бойынша өнім беруші 3 пайыз мөлшерінде шарттың орындалуын қамтамасыз ету көзделген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіру мақсатында аз сомадағы  жұмыстармен, қызметтерді сатып алуда олардың шекті мөлшерлері 500 айлық есептік көрсеткіш, ал  төртінші деңгейдегі бюджеттеге   ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін айлық есептік көрсеткіштің 3000 еселенген мөлшерде бекітілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушыларға қатысты  мемлекеттік сатып алу рәсімдерін дұрыс ұйымдастырмағандықтары үшін жауапкершіліктері күшейтілді.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Колдекстің 207 бабына толықтырулар енгізіліп, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды қолданбау бөлiгiнде бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу сонымен қатар  әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау үшін әкімшілік  жауапкершіліктер  қаралды.

Бұдан басқа,  мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау немесе уақтылы орналастырмау, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау) – бұзушылықтары наықталған жағдайда лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Пак Виталий Львович,

ҚР ҚМ ІМАК Батыс Қазақстан облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшы орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале