7.10.2019, 15:43
Оқылды: 296

Мешіт жамағаты арасында спартакиада өтті

Бөрлі ауданының мешіті, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының қолдауымен Ақсай қаласында ІІ ашық аудандық спартакиада өтті.

borli sport (9)

Мешіт жамағаты арасында өткен «Діннің тұтастығы – Елдің тұтастығы» атты спорттық жарысқа Бәйтерек, Бөрлі, Теректі және Шыңғырлау аудандарынан командалар келді.

Шараға Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, Орал облыстық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев, Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Ахмет қатысты.

borli sport (2)

Жарыстың қорытындысында арқан тартудан Теректі ауданы жеңімпаз атанса, Бөрлі ауданы ІІ, Бәйтерек ІІІ орынды еншіледі. Қатысушылар бұдан бөлек қазақ күресі, қол күресі, гір тасын көтеруден сынға түсті.

borli sport (4)

Жалпы командалық есепте Бөрлі ауданы І орынды жеңіп алды. Теректі ауданы ІІ, Бәйтерек ауданы ІІІ орынға ие болды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің диплом, медальдары және Бөрлі ауданы мешітінің атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

zhaikpress.kz

borli sport (4) borli sport (5) borli sport (6) borli sport (7) borli sport (8) borli sport (10)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале