23.04.2019, 11:19
Оқылды: 40

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезі өтуде

Бұл съезде "Nur Otan" партиясының атынан президент сайлауына қатысатын кандидат аталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

nur otan

         – Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге алдағы сайлау науқанына белсенді қатысуды тапсырды. Партия президент сайлауына өз кандидатын ұсынуға дайын, оның есімін партияның XIX съезінде партия төрағасы атайды. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ұсынысын негізге ала отырып ел президенттігіне біздің партиямыздың атынан кандидат шығару – "Nur Otan" партиясының Елбасының бағытына берік екенінің жарқын белгісі, – партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

         "Nur Otan" партиясы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті салып берген бағыттың сақталуының кепілі. Президенттік сайлауға түсетін өз кандидатын таңдау арқылы партия экономика, әлеумет, саяси, руханият және басқа да салаларда Елбасы бастаған ауқымды трансформацияларды сақтап қана қоймай, оны үдете түспек. Партияның алдағы кезеңдегі жұмысының басым бағыты осы.

         9 маусымда Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы 9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған болатын.

         Қазірге дейін ОСК-на жалғыз кандидат – Сәдібек Түгел құжат тапсырған. Оны "Ұлы Дала Қырандары" республикалық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале