1.12.2018, 11:33
Оқылды: 60

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтауы

Құрметті
батысқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

FB_IMG_1543642123542
Қазақ халқы үшін жеті – киелі де қасиетті сан. Биыл жетінші жыл қатарынан аталып өтілетін Тұңғыш Президент күні – көпұлтты халқымыздың ынтымағы мен ауызбіршілігін бекемдей түсетін нағыз халықтық мерекеге айналды. Сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білген ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі қашан да жоғары. Егемендіктің арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекеттік шекарамыз шегенделді. Қазақстан әлемнің алпауыт елдері санасатын, жаһандық деңгейдегі жарқын істердің жасампаз ұйытқысы бола алатын, іргесі берік ірі мемлекетке айналды. Бүгінде Елбасы есімі Қазақстан, Отан, Тәуелсіздік, Бірлік ұғымдарымен қатар айтылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев жуырда жарық көрген «Ұлы даланың жеті
қыры» атты мақаласында «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты
болуының кепілі» деген болатын. Ендеше, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздікті тұғырлы, бейбітшілікті баянды ету жолындағы айшықты үлесін лайықты бағалап, Қазақстанды Мәңгілік елге айналдыру жолында бір мақсат-мүддеге жұмылып, еселі еңбек ету - әрқайсымыздың және баршамыздың басты міндетіміз.
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға құт-береке, әр бастамаларыңызға сәттілік, тәуелсіз Қазақ елінің кемелденуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале