14.01.2019, 16:55
Оқылды: 75

Облыс әкімі суретшілермен кездесті

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов белгілі сурет және қолөнер шеберлері Қуандық Мәдіров, Нұртай Жардемов және Тоғжан Бабиевамен кездесті.

 IMG_4194

Облыс әкімі суретшілермен шығармашылықтағы жаңашылдық пен ұлттық мәдениетті дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады.

         Кездесуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру туралы пікір айтылды. Облыс әкімі өңірдің мәдениет саласын дамыту жоспары туралы әңгімелеп, аймақтың мәдени әлеуетін дамытуда бейнелеу өнерінің маңыздылығын атап өтті.

         Оның айтуынша, облыс орталығында орналасқан көркем сурет галереясы қайта жаңартылып, құрылысы биыл басталатын Мәдениет сарайында көрме орталығы құрылады. Ал бейнелеу өнерінің шеберлері мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін көмектесуге қашан да дайын екендігін жеткізді, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.

IMG_4191

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале