8-707-808-48-55
4.10.2018, 18:35
Оқылды: 1424
Облыстың бас ұстазы әріптестерін құттықтады

БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мұғалімдерді төл мерекесімен құттықтап, хат жолдады.

 kadirova

Құрметті ұстаздар! Қадірлі білім беру саласының ардагерлері!

Еліміздегі айтулы мерекелердің бірі - Ұстаздар күні мерекесімен шын көңілден құттықтаймын!

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі кемел келешегі Сіздердің қолдарыңызда.

Жас ұрпақтың бойына сапалы білім, саналы ой, тәлім-тәрбие мен жақсы қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып, өмірдің қыр-сырын танытатын да  Сіздер, құрметті ұстаздар!

Заман талабына сай білім-ғылымды бойына сіңірген жас ұрпақ пен білікті маман тәрбиелеу,заманауи әдіс-тәсілдерді оқу үрдісіне батыл енгізіп, сапалы нәтижеге қол жеткізу, отандық білім беру мен ғылымның сапасын арттырып, оны әлемдік стандарттарға сай дамыту жолындағы қиын да жауапты еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!

Ұстаздық – Алланың берген кәсібі, басқа кәсіптер – мұғалімнен алынады. Өйткені, әрбір инженердің, экономисттің, бухгалтердің, ғалымның, жұмысшының еңбегіне педагогтың сіңірген еңбегі зор. Оқушылардың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеуде олар қаншама тер төгеді, еңбектенеді, оларды өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелейді, мақтанышы болуға дайындайды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрін сусындатуда қажымас еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге шексіз ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақыттазор денсаулық, отбасында береке, алдарыңызға талпынысы мол шәкірттер мен тәрбиеленушілер, данышпан да жақсылыққа жаны құштар жандардың келуін тілеймін.

Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар!

Құрметпен, БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова

 

 

Пікірлер
Мурат
Сіздің пікіріңіз тексерісті күтуде.
00
Педагогтың жұмысына қосымша жұмыс қоспау, қағаз жұмыстаынан босату процессі жүріп жатыр елімізде. Жас ұстаздар үшін қуаныштымын.
Тимур
Сіздің пікіріңіз тексерісті күтуде.
00
Ұстаз деген балаларымызды тәрбиелейтін, олардың өміріндегі басты рөлдердің бірі. Құтты болсын ұстаздар күні.
Ахмет
Сіздің пікіріңіз тексерісті күтуде.
00
Поздравляем всех учителей с днем учителя. Очень рады что учителей в нашей стране ценять больше с каждым годом.
Пікір қалдыру