10.04.2017, 17:35
Оқылды: 48

Облысымызда жас тәртіп сақшылары мен тәлімгерлерінің слеті өтті

Jas tartip sakshilari    Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде тәлімгерлері мен жас қызметкерлердің слеті болып өтті. Слетке ішкі істер органдарының ардагерлері, БҚО ІІД бөлініс басшылары, тәлімгерлер мен жас қызметкерлер, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

     Облыстық слет екі бөлім бойынша ұйымдастырылды. Шараның бірінші бөлімі 2017 жылғы 7 сәуір күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында басталды.


   Қызметке жана аяқ басқан жас мамандарды құттықтап, қызметтеріне сәттілік тілеп сөйлеген сөзінде БҚО ІІД бастығының орынбасары Бағдар Нұралыұлы Абуов: «Бұл шара - жас мамандардың, сондай-ақ оған қатысып отырған әрбір полиция қызметкерінің өміріндегі маңызды оқиға. Бұл жеке құрамды патриотизм рухына тәрбиелеу, кәсібилігіне және таңдап алған мамандығына шын берілу ісіндегі маңызды рөлі зор.  Бір жыл ішінде 180 жас маман қызметке қабылданды. Оның ішінде ҚР ІІМ жоғары оқу орындарын тәмамдаған 30 жас маман бар.  Олардың әрқайсысына  тәлімгер бекітілді. Бүгін бұл шараға 150 қызметкер, оның ішінде 43 тәлімгер және 107 жас маман қатысып отыр»,- деп, нақты деректерге тоқталды полиция подполковнигі өз баяндамасында.

         Шара кезінде еңбек тәжірибесі мол, кәсіби шеберлігі шындалған үздік тәлімгерлер мен үздік жас мамандар алғыс хаттармен марапатталып, оларға Бауыржан Момышұлы туралы туынды және естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ қиын кезеңде қарапайым азаматтарға қол ұшын беріп, ерлігімен көзге түсіп, «Қазіргі заман қаһарманы» атағына ие болған БҚО ІІД Сырым АІІб учаскелік полиция инспекторы Едірес Зейнуллин, Орал қалалық ІІБ Жергілікті полиция бөлімінің қызметкері Мұхит Әбілхайыров және ІІД Тергеу басқармасының жүргізуші-полицейі Ғабит Нұғманов секілді тәртіп сақшыларын жас мамандарға үлгі етті.

   Кейін қылмыс ашу кезінде жіті қимыл мен қырағылықтары, адам құтқару жолындағы көзсіз ерліктері баяндалған деректі фильм көрсетілді.

     Шараның екінші кезеңі жас мамандар мен тәлімгерлердің Батыс Қазақстан облысы ІІД құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және арнайы дайындық базасының аумағында орналасқан Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған Батыс Қазақстан облысы қызметкерлерінің құрметіне арналған мемориалдық кешенін тамашалау, гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты.

     Слет соңында тәлімгерлер мен жас мамандар қаламыздағы қазақ драма театрында Шерхан Мұртазаның Бауыржан Момышұлы атамыз туралы «Ноқтаға басы сыймаған» атты туындысының желісінде құрылған қойылымын тамашалады.

 Асылай Ғұбашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале