13.04.2017, 14:21
Оқылды: 22

Өмірдің өзі қалап отырған өзгеріс

Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ой-тұжырымдар уақыт талабынан туындады  десек, артық айтқандық болмас. Өйткені қазіргі жаһандану заманында ұлттық болмысымыз бен рухани құндылықтарымызды қалай сақтаймыз деген ой көпшілікті толғандырып отырғаны мәлім.

Бұл алаңдаушылық, әсіресе, басты рухани қазынамыз ана тілімізге байланысты ерекше байқалуда. Бәсекеге қабілетті ұлт боламыз десек, ең алдымен ұлттық санамыздың биік болуы, Елбасы мақалада атап көрсеткендей, «ұлттық кодымызды сақтай білуіміз» қажет.  Ал ұлттың басты ұлттық коды – ұлттық тіл екені белгілі. Ұлттың рухани жаңғыруына бастайтын нақты қадамдардың алдыңғы қатарына қазақ тілін латын жазуына көшіру мәселесінің қойылып, нақты міндеттер белгіленуі осы міндеттен, ұлттық сананы сілкінту, жаңғырту міндетінен туындап отырғаны анық.

Жазу жүйесінде болатын бұл өзгерістер «ұлт үшін деген ұлы іс» (А.Байтұрсынұлы) екендігі сөзсіз. Жаңа әліпби, ең алдымен, «қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады (ҚР Президенті Н.Назарбаев  «Қазақстан – 2050»). 

Сөз жоқ, бұл мәселеде де «біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек», өткеннен тағылым ала білуіміз, «өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту» керек екендігі анық. Басты міндет - ғылыми негізделген, тіл заңдылығына сүйенген, ең бастысы, тілге қызмет ететін, тіл болашағын сенімді ететін жаңа  әліпби нұсқасын  қабылдау. Бұл - көп болып шешетін іс. Ең бастысы – бағытымыз айқын, мақсатымыз анық.

Қазақ жазуын латын жазуына көшіру туған тілдің тынысын ашады, мүмкіндігін еселейді және өзге тілдің тіл бұзар ықпалынан құтқарады, жаңғырған тілмен бірге ұлттық санамыз да дүр сілкінеді деп сенеміз.

                                                Б.Жексенғалиев

БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді

                                                        қайта даярлау, біліктілігін арттыру және

                                        мемлекеттік тілді оқыту орталығы»

                                             МКҚК директоры міндетін атқарушы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале