26.12.2018, 18:31
Оқылды: 34

«Өмірге жолдама» – ауыл жастарын қолдайтын ерекше жоба

Биыл өңірде жастардың әлеуетін арттыру үшін облыс орталығында және Ақжайық, Теректі, Зеленов ауданында коворкинг-орталықтары ашылды. Орталықтардың ішінде «Рухани жаңғыру» кабинеті қызмет етуде.

jastar

       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Елім менің» жастар коалициясы құрылып, құрамына 50 мыңдай жас қамтылды. «Еліме саяхат!», «Жетістікке 100 қадам» жобалары 2018 жылы коалициямен іске асырылды.

       Интеллектуал жастарды қолдауға бағытталған жобалар жүзеге асуда. Бұлардың бірі – Сырым ауданы кәсіпкерлерінің қолдауымен «Өмірге жолдама» жобасы аясында ауыл жастары өздері қалаған оқу орындарында білім алды. Бұл жобаны алдағы уақытта жүзеге асыру қарастырылуда. «Өркениет: JAIYQ SMART IDEAS CLUB» ашық алаң, жаңа форматты енгізу мақсатында бейресми «Заманауи дәрістер», өңірдің жас кәсіпкерлерін біріктіру мақсатында «Уральск - город сильных людей» жобалары іске асырылды.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале