7.02.2018, 17:09
Оқылды: 48

Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиадада еліміздің көк байрағын батысқазақстандық Абзал Әжіғалиев алып шығады

koldauБүгін Орал қаласындағы Мұстақым Ықсанов атындағы №36 мектепте Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында жақын күндері бастау алатын ХХІІІ қысқы Олимпиадаға қатысатын жерлес спортшыларымызға қолдау көрсетуге арналған салтанатты шара өтті.

Аталған шараға мектеп ұжымы мен қатар Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асия Аманбаева, «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев, «Мұз айдыны спорт сарайы» басшысы Есқабыл Жалмұрзаев және әлемдік додода ел намысын қорғайтын жерлестеріміз Абзал мен Нұрбергеннің аналары қатысты.

Айта кетейік, Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын алып шығатын Абзал Әжіғалиев осы М.Ықсанов атындағы №36 мектепте білім алған. Санаулы күндерден соң басталатын қысқы Олимпиада ойындарына Оралдан шорт-трек шеберлері, әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары Абзал Әжіғалиев пен Нұрберген Жұмағазиев қатысады. Айтулы дода да жерлестеріміз 500 метрлік қашықтықта сынға түседі. Нұрберген сондай-ақ 1000 және 1500 метр қашықтықта жарыс жолына шығады. Оған қоса жерлестеріміз Қазақстан құрамасы сапында 5 мың метрлік эстафетаға қатысады.

Спортшыларға қолдау көрсету мақсатында өткен шарада мектеп директоры Әзима Ғұбашева, облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева, Абзалдың анасы Шолпан Тұрарбекқызы, Нұрбергеннің анасы Зинагүл Жұмағазиева құттықтау сөз сөйлеп, ел намысын қорғайтын батысқазақстандық ұлдарына жеңіс тіледі.

Ләззат СӘЛІМОВА,

№36 мектеп директорының әдістемелік

 ісі жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале