20.12.2018, 14:35
Оқылды: 214

Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы тағайындалды

Меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі бойынша Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы лауазымына Асан Маратұлы Нарымбаев тағайындалды.

Білімі - жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «тарих жəне георгафия пəнінің мұғалімі» жəне Еуразия академиясының «экономика жəне бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары ​Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін орта мектебінің тарих жəне география пəнінің мұғалімі, Тасқала ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Тасқала ауданының Мереке селолық округі əкімі аппаратының бас маманы, Тасқала ауданының Мереке селолық округі əкімі аппарат жетекшісі, Тасқала ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жəне кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, Тасқала ауданының Мереке селолық округінің əкімі қызметтерін атқарған.

Ал 2012 жылдың тамызынан бүгінге дейін Тасқала ауданының білім беру бөлімінің басшысы болды.

"Қала əкімі Мұрат Мұқаев жаңа басшыны бөлім қызметкерлері мен директорлар құрамына таныстырып, жаңа жұмыс орнында сəттілік тіледі. Білім саласында Елбасы қойған тапсырмаларды барлық мектеп директорларымен қоян-қолтық жұмыс істеп, орындауды тапсырды" деп хабарлады Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

© zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын

біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале