27.10.2020, 15:33
Оқылды: 104

Орал қаласындағы сауда үйлері мен  базарлардың санитарлық  жағдайы тексерілді

Облыс әкімінің  бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев бастаған мониторингтік топ мүшелері Орал қаласындағы сауда үйлері мен  базарларды аралап, ондағы  санитарлық  жағдайды тексерді.

 ман 2

Мониторингтік топ мүшелері алдымен ат басын «Московский» сауда үйіне бұрды. Ондағы санитарлық талаптарды қадағалады. Бір қуантарлығы, аталмыш сауда үйінде санитарлық талаптар сақталған. Есіктің кіре берісіне санитайзер мен термометрия қойылған. Және сауда үйінің біре берісінде  қызметкер сатып алушыларға  тұмшаны дұрыстап тағуды ескертіп, дене температураларын өлшеп, қолдарына дезинфекциялық ерітіндіні құйып тұрды.

Ман 1

Содан соң мониторингтік топтың мүшелері «Лаура», «Азиза», «Атриум» сауда үйлері мен «Алтын алма» базарына барды. Сауда үйлерінің бірқатарында, нақтырақ айтсақ, «Лаура» және «Азиза» сауда үйінде  кемшіліктер анықталды. Айта кетсек, сауда үйіне кіре беріс есіктің алдына термометрия өлшеп тұратын адам жоқ және дезинфекциялық ерітінділері де таусылған.

ман 3

- Өздеріңізге мәлім, кеше елордада ведомостоаралық комиссия отырысы өтіп, онда Премьер министр санитарлық талаптарды күшейту туралы тапсырма берген болатын. Әлем елдері коронавирус індетінің екінші толқынымен күресуде. Облысымызда да індетке шалдыққандар саны тағы да өсуде. Сол үшін адамдардың көп шоғырланатын сауда үйлері мен базарларды  тексеріп жүрміз. Санитарлық талаптарды сақтамай жүрген сауда үйлері де анықталып жатыр. Оларға ресми түрде ескерту бердік. Біздің мақсатымыз - санитарлық талаптарды сақтамаған сауда үйлерін  жауып тастау емес,  сол сауда үйінің әкімшілігімен бірігіп, санитарлық талаптарды сақтауға ұйытқы болу. Егер сауда нысандары жабылатын болса, кәсіпкерлер мен сауда жасап нәпақа тауып жүрген жандардың жағдайы қиын болады. Сондықтан, сауда үйлері мен базарларды жапқымыз келмейді. Санитарлық талаптарды сақтамаған сауда үйлері, базар әкімшіліктерімен әлі де жұмыстанатын боламыз. Егер ондағы жағдай өзгермесе, сауда үйлерін  жабуымызға тура келеді. Өйткені, тұрғындардың денсаулығы бәрінен қымбат, - деді облыс әкімінің  бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.

 

Гүлсезім  Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале