30.12.2017, 12:55
Оқылды: 55

Оралда 156 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

IMG-20171230-WA0014Бүгін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Орал қаласында 9 қабатты 156 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыс əкімі А. Көлгінов қатысып, жиналғандарды Жаңа жылмен құттықтап, пəтер иелеріне кілттерін табыстады.
Осыдан аз ғана жыл бұрын жазық бала болған жерде бүгін тұтастай шағын аудан пайда болды. Ондаған тұрғын үй салынып, мектеп, балабақша, емхана, аурухана секілді өзге де əлеуметтік маңызды ғимараттар бой көтергенін айта кету керек.
Қала тұрғындары мен жаңа қоныс иелерін құттықтаған облыс əкімі өз сөзінде:

IMG-20171230-WA0011- Биыл өңірімізде мемлекеттік "Нұрлы жол" жəне "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылды. Соның ішінде осы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша облыста 115 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, ал жалпы қаржыландырудың барлық көздерінен 380 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр. Мұның барлығы халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар. Сіздер бірнеше жыл бойына "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" қаржыларыңызды жинап, баспана алуды армандадыңыздар. Міне, сол көптен күткен қуаныштарыңыз Жаңа жыл қарсаңында орындалып отыр. Қоныстарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл тек бүгінгідей шаттық, қуаныш əкелсе берсін,- деді.

Айта кетейік, биыл облыста 14 көп қабатты, 188 бір қабатты тұрғын үй салынып, 1500 отбасы баспаналы болды.

zhaikpress.kz

Суреттер Айбатыр Нұраштікі

received_10210735666320189 received_10210735666200186  received_10210735665920179received_10210735666160185 received_10210735666040182 IMG-20171230-WA0012 received_10210735666120184 received_10210735666480193 received_10210735665840177

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале