7.08.2020, 17:41
Оқылды: 745

Оралда «ақберендік» жас ақынмен кездесу өтті

Бүгін Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Ю.Гагарин атындағы кинотеатрда «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы!» атты балауса ақын Ерсайын Саянмен кездесу-сағаты өтті.

CEEAF2CB-4C1F-42F8-99FA-8FE173A4BD68

- Тікелей эфир madeni_agartu_birlestigi Instagram желісі арқылы тарады.

Поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу, жас дарын иесінің өлең оқу шеберлігін арттыру, өскелең ұрпақтың поэзияны сүйсініп оқуға баулу, жас таланттың өнерін насихаттау бағытында өткен эфирдің қаралымы көп болды.

Республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, өлең әлеміне қанат қаққан жас қалам иесі Ерсаин Саян 2008 жылдың наурыз айының 3-ші жұлдызында Орал қаласында дүниеге келген. Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушысы, «Бәйтерек» балалар аула клубының белсенді қатысушысы, «Ақберен» жас ақындар мектебінің, Дина Нұрпейісова атындағы саз мектебінің тәрбиеленушісі, - дейді Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Анаргүл Бимұханова.

67E8A77C-A490-432B-94EC-3FE6EFB198CE

Балғын кезден поэзияға бет бұрған Саян бүгінде көптеген, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, Жайықтың атын шығарып жүрген, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас дарын.

     Шара аясында жас дарын «Менде ақын боламын!», «Жарық жұлдыз», «Абай ақынға арнау», «Жеңіс батыры», «Ақын атама» т.б. өлеңдерін оқыды.

Саян 2019 жылы облыстық «Даналықтан дән ізде» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан бас жүлде иегері, ІІІ Халықаралық «Қазақстан таланттары» балалар мен жастар байқауының «Көркем сөз» аталымы бойынша бас жүлде иегері, республикалық «Ұлы дала дарыны» өнер және білім байқауының «Көркем сөз» аталымы бойынша бас жүлде иегері, республикалық «Өнер әлемі» байқауының І орын иегері, республикалық  «Ұлы дала ұрпағымыз» байқауының «Көркем сөз» аталымы бойынша бас жүлде иегері, ал 2020 жылы Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты қалалық байқауының «Көрермен көзайымы» аталымының иегері атанған.   

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале