23.10.2018, 11:34
Оқылды: 57

Оралда ақша бопсалаған тұрғын қолға түсті

 Оралда ақша бопсалаған тұрғын қолға түсіп, тергеу жүргізілуде.

qylmys

Облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментімен бірлесіп, 1984 жылғы К. деген азаматты құрықтады.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол Орал қаласының тұрғынынан 200 мың теңге бопсалаған.

Қазіргі кезде Абай полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, мұндай қылмысқа барған адам мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Елжан ЕРАЛЫ,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале