15.03.2017, 20:11
Оқылды: 25

Оралда азаматтық бастамашылардың I Конгресі өтті

 Gylsezim Biasheva   Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның ғимаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу сұрақтары бойынша онлайн жүйесінде азаматтық бастамашылардың I Конгресі өтті.


  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменттің басшысы Болат Исақов, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.

   Сыбайлас жемқорлық бүкіләлемдік мәселе. Шарада сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» көзқарасын қалыптастырып, пара беру немесе алуды жою мәселелері сөз болды. Сондай-ақ жиналғандар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы ойларын ортаға салды.

Гүлсезім БИЯШЕВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале