12.10.2018, 10:10
Оқылды: 70

Оралда баспана мәселесіне қатысты «Ашық есік күні» өтеді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы 13 қазан күні сағат 10-нан бастап Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Ашық есік күнін» өткізеді.

teatr

- Баспаналы болудың шарттары көп, ал тұтынушы соның ішінен өзіне ыңғайлысын таңдауы тиіс. Бұл шара барысында келушілерге «7-20-25» және өзге де бағдарламалар бойынша нақты ақпаратты бір жерден алу мүмкіндігі ұсынылып, азаматтардың, құрылыс компаниялары мен банк өкілдерінің басын қосып отыр. «Ашық есік күніне» қатысушылар өздеріне тиімді бағдарламаны таңдап, алғашқы жарнаны және қанша жылға алуға болатынын мамандармен кеңесіп, есеп-қисабын шығарта алады, - дейді партияның облыстық филиалының саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі Архат Исламғали.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале