28.03.2019, 12:24
Оқылды: 36

Оралда Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтуде (СУРЕТ)

Орал қаласындағы Оқушылар сарайында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін бокстан ересектер арасында халықаралық турнир өтуде. Аталмыш жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан елдерімен қатар Түркістан, Маңғыстау, Ақмола, Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облысының командаларынан құралған 80-ге жуық былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда бақ сынауда.

IMG_0290

Жарысты тамашалауға келген Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов өз пікірін білдірді.

-Данияр бауырымыздың жүлдесіне арналған жарыс жалауын көтерді. Тамаша кездесулер болып жатыр. Ересектер арасындағы жарысқа мықты боксшылар жиналған. Болашақта бұл турнир AIBA дәрежесіне жететініне сеніміміз мол. Себебі Данияр Елеусінов олимпиаданы ұтқан мықты боксшы. Оралға жыл сайын келіп тұрамын. Бұндағы бокс қарқынды даму үстінде. Қазіргі таңда бокстан Қазақстан құрамасында батысқазақстандық екі боксшы өнер көрсетіп жүр. Оның өзі үлкен жетістік,-деді ол.

IMG_0302

-Өзім Оралға алғаш рет келіп тұрмын. Жарыстың өту барысына риза болып отырмын. Шаршы алаңдағы боксшылардың да қарқыны жақсы. Ермахан ағамызбен бірге Оралдағы жарысты тамашалауға келгенбіз. Өзіме келер болсам, қазіргі таңда Түркістан облысындағы бокс мектебінің директорымын. Соңымыздан еріп келе жатырған шәкірттерімізді боксқа тәрбиелеп, еліміздің жалауын желбірететін жақсы спортшы шығару біздің басты парызымыз,- дейді атақты боксшы Мұхтархан Ділдәбеков.

Данияр Елеусіновтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир ертең аяқталады.

Темірболат Тоқмамбетов

фотоға түсірген автор

zhaikpress.kz

IMG_0216 IMG_0343 IMG_0371 IMG_0172

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале