27.01.2020, 16:37
Оқылды: 200

Оралда қоғамдық көліктерде Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған акция өтті

Бүгін Оралдағы №2, 5, 22, 35 қоғамдық көлікте Ұлы ақын,ағартушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған акция ұйымдастырылды.

 abai 175 (8)

Акция барысында қоғамдық көліктерге Абайдың ұлағатты сөздері мен өлеңдері, Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романының QR-код орналастырылған постерлері ілінді.

abai 175 (14)

- Бүгін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған алғашқы шараны өткіздік. Жолаушыларға Абайдың шығармашылығына, өміріне байланысты сұрақтар қойылды. Қаланың өнерпаздары әндерін айтты. Шараға белсенді қатысқан жолаушыларға Абай суреті бейнеленген сыйлықтар берілді. Акция әлі де жалғасады. Айына бір рет басқа да қоғамдық көліктерде өткізіледі, - деді Орал қалалық кітапхананы дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Гүлнар Өтегенова.

abai 175 (15)

Гүлнар Өтегенованың айтуынша, барлық кітапханада тамыз айына дейін Абай кітаптарынан көрме, әдеби сазды кештер өтпек. Ал шаралар тамызда дәстүрлі Абай оқуын өткізумен аяқталады. Абайдың қара сөздеріне байланысты эссе байқауы да ұйымдастырылмақ.

abai 175 (7) minga

Шара Орал қалалық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастырумен және Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өтті.

Динара Насыр

 zhaikpress.kz

Суретке түсірген

Эльвира Меңдіғали

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале