9.07.2019, 22:21
Оқылды: 202

Оралда «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті

Оның жұмысына «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, облыс әкімі Ғали Есқалиев, саяси бюро мен саяси кеңес, бастауыш партия ұйымдарының және «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері қатысты.

IMG-20190709-WA0149-800x549

Галстуксыз, яғни еркін форматта өткен жиында Бауыржан Байбек партияның облыстық филиалына жетекшілік еткен, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне ауысқан Алтай Көлгіновке өңірдегі жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі. Өңір тізгінін қолға алған Ғали Есқалиевке «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының куәлігін табыс етті.

IMG-20190709-WA0151-800x533
Төрағаның бірінші орынбасары партияның алдында тұрған ауқымды міндеттерге тоқталды. Партия белсенділігін арттыруға, атап айтқанда, азаматтармен және әр адаммен диалог орнату қажеттігіне баса назар аударған Бауыржан Қыдырғалиұлы, әсіресе, партия фракцияларының белсенділігін арттыруға, қоғамдық қабылдау қызметін түбегейлі жандандыруға, бастауыш партия ұйымдарын нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

IMG-20190709-WA0153-800x533

Партия алдында тұрған басты міндет – халықпен кері байланысты күшейтіп, әр адамның сенім үдесінен шығу екенін ерекше атап өткен ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық стратегиялық бағдарламалары мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысына партиялық бақылауды күшейту керектігін айтты.

IMG-20190709-WA0154-800x632
Жиында ҚР Президенті сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін бір топ республикалық және облыстық қоғамдық штаб мүшелері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.

IMG-20190709-WA0152-800x496
Бұдан соң Бауыржан Байбек Орал қаласындағы апатты деп танылған №31 мектепте болып, жақында басталатын құрылыс жұмыстарының жай-жапсарына қанықты.

IMG-20190709-WA0159-800x533

Мектеп аумағындағы апатты үйлердің тұрғындарымен кездесіп, 45 пәтерлік 9 қабатты үйдің құрылысын көрді.

IMG-20190709-WA0158-800x537

Сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары биыл қазанда аяқталмақ. Айталиев көшесі, 12 және Молодежный көшесі, 1 мекенжайында орналасқан апатты қос үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлер осы үйден берілмек. Оралдықтармен дидарласып, жұртшылықтың ұсыныс-пікіріне құлақ түрген Бауыржан Қыдырғалиұлы облыс және қала басшылығына құрылыс жұмысын уақтылы және сапалы аяқтауды тапсырды.

Динара Жұмабекқызы

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале