21.10.2020, 22:35
Оқылды: 47

Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адам бір аптадан кейін табылды

Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адам бір аптадан кейін табылды.

201021193958561a3709173i
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Иван Касаткин кеше түсте Зашаған кентіндегі «Нефтэк» жанар-жағар май құю стансасы маңынан табылды.

Ер адам қазір ауруханада жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Ол 13 қазан күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале