22.01.2019, 16:10
Оқылды: 39

Оралдағы филармонияның билеттерін онлайн алуға болады

Оралдағы Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының билеттері онлайн сатылуда.

 

филармония

Билеттерді алу үшін онлайн кассаға өтіп, қызықтырған концерт, ондағы қатар мен орын таңдалады. Одан кейін билет алушы аты-жөнін, электронды поштасын, тіркелу барысында шыққан кодты енгізуі керек. Жаңа парақ ашылып, ол жерде өзіңіздің кез-келген банктің төлем картаңыздың деректерін енгізу арқылы билетпен есептесуге болады.

Билет сатылатын онлайн кассаға Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармонияның инстаграм желісіндегі парақшасы арқылы да өтіледі.

Ал филармония жайлы толық ақпаратты аталмыш мекеменің сайтынан біле аласыздар.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале