1.02.2019, 12:52
Оқылды: 81

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңке сал ауруына шалдыққан оралдық Алдияр Орынғалиге қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды.

 ниш (1)

         «Тұлпар» шаңырағының бастамасымен ұйымдастырылған жәрмеңкеде оқушылар мен мектеп қызметкерлері үйлерінен тәтті тағамдар пісіріп әкелді. Әрине, тағамдардың сапасын мектеп диетмедбикесі өз бақылауына алды. Сонымен қатар қолөнер бұйымдары да жәрмеңкенің төрінен табылды. Шара барысында мейірімді жандар кондитерлік өнімдер мен түрлі бұйымдарды сатып алып, қолдау танытты.

         – Англияда бұндай жәрмеңкелер жиі өтеді. Әсіресе, жаз уақытында мектеп ауласына қолөнер бұйымдарын тізіп қоямыз. Оларды қала  тұрғындары сатып ала алады. Мен осыған дейін Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектепте жұмыс істедім. Ол мектепте де осындай жақсы дәстүр қалыптасқан. Міне, бүгін балалардың қолынан шыққан бұйымдарды сатып алдым. Мені оқушылардың қайырымдылыққа асығып тұратыны қуантады, –дейді шетелдік мұғалім Кэрол Боардман.

         Жиналған қаржы ертең Алдиярдың отбасына тапсырылады. Алдияр көктем айында Астанаға ем қабылдауға бармақ.

         Айта кетейік, дертті сәбилерге көмек қолын созу - зияткерлік мектепте қалыптасқан игі дәстүр. Қайырымдылық жәрмеңкесі биылғы оқу жылынан бері осымен үшінші рет өткізіліп отыр.

ниш (2) ниш (3) ниш (4)

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Н.Назарбаев зияткерлік

мектебінің баспасөз хатшысы

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале