12.12.2017, 12:20
Оқылды: 53

Оралдағы өнер орталығына Қадыр Мырза Әлидің, театрға Хадиша Бөкееваның есімі берілгені жөнінде Үкімет қаулысы шықты

твиттер1«Бүгін Үкімет отырысында тиісті қаулы қабылданып, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығына ақиық ақын Қадыр Мырза Əлидің есімі ресми түрде берілді. Мәдениет және əдебиетсүйер қауымын шын жүректен құттықтаймын!» – деп Тwitter желісіне БҚО әкімі Алтай Көлгінов жазды. 

 

Сондай-ақ облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Twitter-де Батыс Қазақстан облысы Қазақ драма театрына аса дарынды актриса, көркемсөз оқу шебері, мемлекетіміздің көрнекті өнер қайраткері Хадиша Бөкееваның есімі берілгенін де хабарлады. «Бүгін Үкімет отырысында тиісті қаулы қабылданды. Құтты болсын!» деп облыс халқын құттықтаған әкім биыл Хадиша Бөкееваның 100 жылдығы екенін еске салған.

твиттер2Облыс әкімі Орал қалалық №30 орта мектебіне Ұлы Отан соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, батыр, Халық қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанованың есімі берілгенін де қуана хабарлады.

Нұрлыбек Рахман,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале