24.01.2020, 16:36
Оқылды: 2885

Оралдағы Зияткерлік мектепке жаңа директор тағайындалды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қамқоршылық Кеңесі және Басқармасының шешімімен Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Айдарбек Төлепұлы Айтпукешев тағайындалды.

nis2

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова ұжымға жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, мектептің бұрынғы директоры Шолпан Маратқызы Қадырова Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Оралдағы Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Айдарбек Төлепұлы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастап, кейін Жәнібек ауданындағы мектептің директорының орынбасары, мектеп директоры болды.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалы директоры қызметін атқарды. Соңғы алты жылда Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебін басқарған.

Айдарбек Төлепұлы білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған 10-нан астам инновациялық жобалардың жетекшісі және қатысушысы болды. Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын жасақтау бойынша сертификатталған тренер және авторлар тобының мүшесі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале